БИОЛОГИЯ • АДАПТАЦИЯ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯ • ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
2
• Популяциядағы жаңа белгілер ненің әсерінен пайда болады?
Популяциядағы біз байқайтын өзгешеліктер немесе өзгерістер генетикалық және экологиялық факторлардың
әсерінен болады. Мысалы, бір адамның қан тобы генетикалық фактормен анықталса,
оның салмағы генетикалық
және қоршаған орта факторларымен анықталады. Тек генетикалық факторлар ғана ағзалар көбейгенде, ұрпақтан-
ұрпаққа тарала алады. Жаңа генетикалық белгілер жаңа гендердің түзілуіне алып
келетін ДНҚ мутациясының
әсерінен пайда болады. Егер жаңа белгі пайдалы болса, оны анықтайтын геннің популяциядағы жиілігі табиғи
сұрыпталу процесі нәтижесінде артуы мүмкін.
• Ұсынылатын фильм
– Эволюция тетіктері
• Түр дегеніміз не?
2-бөлім: Жаңа түрлердің қалыптасуы
Арыстан – қабылан мен теңбілшең
сияқты түрлерден өзгешеленетін үлкен
мысықтардың ерекше түрі.
Түр – ұрпақ жалғастыру үшін будандаса алатын ағзалар популяциясы.
Бір түрге жататын ағзалардың генетикалық қасиеттерінде, мінез-
құлықтарында, сыртқы бейнелерінде ұқсастықтар болады.
Мәселен, қабылан – үлкен мысық тектестердің бір түрі.
Олар бір-біріне
қатты ұқсайды және бір-бірімен будандаса алады. Арыстан – үлкен
мысық тектестердің келесі түрі, олар бір-бірімен будандаса алады, бірақ
қабыландармен будандасып, ұрпақ әкеле алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: