Биология • экожүйелер • Қоректік тізбек 1 1-бөлім: Қоректік тізбек және желілер


БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ҚОРЕКТІК ТІЗБЕК



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата17.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#117022
1   2   3   4   5   6
 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ҚОРЕКТІК ТІЗБЕК
2
• Ұсынылатын фильм
- Қоректік тізбек дегеніміз не?
2-бөлім: Экожүйелерге адамның әсері
• Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?
ДИАГРАММА 02:
Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия 
көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия 
көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын 
қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап 
шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар 
қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы 
бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. Бұл 
процесс өте тиімсіз, себебі жануарлар қозғалғанда, 
денелерінен заттарды бөліп шығарғанда және дем 
алғанда энергия жоғалады. Нәтижесінде, келесі 
трофикалық деңгейге өткен сайын энергия азая түседі, 
сондықтан жоғарғы трофикалық деңгейлерде ағзалар 
саны аз болады. Осы байланыстарды биомассалар 
пирамидасы арқылы көрсетуге болады.
Өсімдіктерді жануарлар жегенде, ондағы энергия
қоректік тізбекпен жоғары қарай өтеді
Қосымша сұрақ
С3. Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар?
Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі 
болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын 
сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады.
• Адамдар қоректік тізбекке қалай әсер етеді?
Кейде адамдардың іс-әрекеті қоректік тізбектерге, сондықтан 
экожүйелерге де үлкен әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, жоғарғы 
деңгейдегі жыртқышты аулау қоректік тізбектің төменгі сатысындағы 
түрлер үшін елеулі, кейде күтпеген әсер тудыруы мүмкін. Осы секілді 
балықтың белгілі түрлерінің таусылуы теңіз экожүйелеріндегі басқа 
ағзалардың популяциясында түпкілікті өзгерістер тудырды, олардың 
кейбірі балық өнеркәсібіне кесірін тигізіп жатқаны дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет