«Биология, география және химия» ббб



бет86/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

6. Зертханалық жұмыс
Бауырыменжорғалаушылыр - Reptіlіa класы
ДАЛА АГАМАСЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Мақсаты: Дала ағамасы негізінде бауырымен жорғалаушылардың морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктерімен танысу.
Бауырымен жорғалаушылар нағыз құрлық жануарлары, түр жағынан салыстырмалы көп (6000), жер шарына кеңірек таралған. Кейбіреулерінің суда тіршілік етуі екінші реттік белгі болып табылады.
Класты сипаттаушы белгілері: денесінің мүйізді қабыршақтармен қапталып, тері бездерінің нашар жетілуі. Тыныс алуы тек өкпе арқылы, жүректен қан тамырларының жеке-жеке басталуы. Нағыз тістерінің болуы. Ұрықтануы іштей, ұрықтың дамуы құрғақта өтеді. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрық және ұрықтан тыс қабықтар дамиды. Қаңқасы сүйекті, көкірек қуысы қалыптасқан. Бастың қозғалмалылығы ерекше құрылыстағы мойын омыртқалары атлант және эпистрофия арқылы жүзеге асады.


Тапсырма:
І. Дала агамасының систематикалық жағдайын анықтау.
ІІ. Натуральды объект және тұлыптарды пайдаланып сыртқы
құрылысының ерекшеліктерімен танысу.
ІІІ. Сою және ылғал препараттарды пайдалану арқылы ішкі
құрылысымен танысу.
ІV. Қан айналыс жүйесінің сызба-нұсқасын жасау.
V. Қаңқасының ерекшеліктерімен танысу.
Жұмыс барысы:
Өкілінің систематикалық жағдайы:

Тип:

Хордалылар

Chordata

Тип тармағы:

Омыртқалылар

Vertebrata

Класс үсті:

Төрт аяқтылар

Tetrapoda

Класс:

Бауырыменжорғалаушылар

Reptіlіa

Клас тармағы:

Қабыршақтылар

Squamata

Отряд:

Кесірткелер

Saurіa немесе Lacertіlіa

Тұқымдасы:

Агамалар

Agamіdae

Өкілі:

Дала агамасы

Agama sanguіnolenta Pall




Тип:

Хордалылар

Chordata

Тип тармағы:

Омыртқалылар

Vertebrata

Класс үсті:

Төрт аяқтылар

Tetrapoda

Класс:

Бауырыменжорғалаушылар

Reptіlіa

Клас тармағы:

Қабыршақтылар

Squamata

Отряд:

Жыландар

Ophіdіa немесе Sеrpentes

Тұқымдасы:

Ысылдауық жыландар

Crotalіdae

Өкілі:

Палласов қалқантұмсығы

Anіstrodon halіs Pall.



Сыртқы құрылысы: Ағаманың денесі-бас, мойын, кеуде, құйрық және жұп аяқ-қолдарына айқын бөлінген. Терісі шығу тегі эктодермалық мүйізді қабыршақ, қалқандармен қапталған. Олардың пішіні, көлемі бір ағзаның өзінде әр түрлі. Ол систематикада пайдаланылады.
Бас бөлігі майда қабыршақтармен қапталған. Тұмсық бөлігінде жұп танау тесіктері, одан әрі қозғалмалы қабақты көздер, оның артында құлақ тесіктері орналасқан.
Мойын, кеуде бөліктерінде арқа жағында майдарақ, ал құрсақ бөлігінде ірірек қабыршақтармен қапталған. Кеуде мен құйрық бөлігінің шекарасында құрсақ жағында көлденең саңылау түрінде клоакасы орналасқан. Құйрық бөлігінің қабыршақтары майдалау қиғаштау орналасқан, сақина түзбейді. Ағаманың терісі басқа рептиялиялар сияқты құрғақ, бездерге кедей. Қабыршақ біртіндеп өлген эпидемиялық жасушаларға мүйізді зат-кератогиалик сіңуінен пайда болады. (57 А. Ә суреттер).


57 (А) сурет. Дала агамасының сыртқы құрылысы






57 (Ә) сурет. Қалқантұмсықтың сыртқы құрылысы

Сою үшін эфирмен ұйықтатылған ағаманы шалқасынан ыдысқа салып, төрт аяғын инемен бекітеді. Клоакадан иегінің астына дейін теріні қайшымен тіледі. Аяқ-қолдар тұсынан да көлденең тіліп, терілерді денеден ажыратып, инемен бекітеді. Қайшымен құрсағынан орта тұсынан тілік жасап, оның доғал ұшымен иек астына, ал артқа қарай клоакаға дейін және аяқ-қолдарға көлденең тілік жасап, еттерді бекітеді немесе кесіп тастайды.


Төмендегі тәртіп бойынша ішкі мүше жүйелерін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет