Қосмекенділер-Amphіbіa класы БАҚАНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Мақсаты: Өкілі құрбақа арқылы қосмекенділер класының құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Қосмекенділер - Amphіbіa anamnіa тобына жататын жануарлардан жоғары, ол amnіota тобына жататын жануарлар ішіндегі қарапайымы. Сулы орта мен құрлықта қатар тіршілік етуге бейімделген, салыстырмалы аз түрді біріктіретін, таралуы шектелген жануарлар тобы. Дамуы метаморфоз жолымен суда өтеді, дернәсілдері құрылысы жағынан балықтарға ұқсас, жүректері екі камералы, қан айналым шеңбері біреу, желбезек арқылы тыныс алады.
Ересектерінің тыныс алуы өкпе және тері арқылы жүзеге асады, жүрегі үш камералы, қан айналым шеңбері екеу (үлкен денелік және кіші өкпелік). Евстахиев түтігі және ортаңғы құлақта үзенгі сүйегі болады. Қаңқасы негізінен сүйекті, аяқ-қол қаңқалары құрлық төрт аяқтыларының құрылыс жүйесін құрайды.
Иіс сезу капсуласы ашық-ішкі танау тесігі-хоана ауыз жұтқыншаққа ашылады. Жаңа түзілістер: көмекей, кеңірдек, өкпе сияқты мүшелер қалыптасқан.
Тапсырма: І. Жасыл бақаның, көл бақаның систематикалық жағдайын анықтау.
ІІ. Натуральды объектіні пайдаланып, жасыл бақаның сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
ІІІ. Сою арқылы және ылғал препараттар пайдалану арқылы ішкі құрылыстарымен танысу.
ІV. Қан айналым жүйесінің сызба-нұсқасын жасау.
V. Муляж және натуралды объект арқылы бас миын көру, танысу.
VІ. Таратылып берілетін материалдар арқылы қаңқасының ерекшеліктерімен танысу.
V. Қорытынды.
VІ. Тест.