«Биология, география және химия» ббб


-сурет. Бақаның ішкі мүшелерінің жалпы орналасу тәртібі



бет85/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

42-сурет. Бақаның ішкі мүшелерінің жалпы орналасу тәртібі: 1-оң құлақша, 2-сол құлақша, 3-қарынша, 4-артериялық конус, 5-өкпе, 6-өңеш, 7-қарын, 8-қарынның пилорикалық бөлімі, 9-он екілі ішек, 10-ұйқы безі, 11-жіңішке ішек, 12-тік ішек, 13-клоака ауданы, 14-бауыр, 15-өт қабы, 16-өт жолы, 17-шажырқай, 18-көкбауыр, 19-бүйрек, 20-несеп ағар, 21-қуық, 22-жұмыртқа безі, 23-жұмыртқа өткізгіш.





41-сурет. Бақа терісінің құрылыс схемасы (кесінді): 1-эпидермис, 2-кориум, 3-тері безінің безді калеткалары, 4-бездің бұлшық етті жабыны, 5-тері безінің шығарушы өзегі, 6-пигмент клеткалары.



43-сурет. Бақаның ауыз қуысы: 1-дабыл жарғағы, 2-хоана-ішкі танау тесігі, 3-танау тесігі, 4-кеңсірік тістері, 5-ауыз қуысындағы көз алмасының төмпешігі, 6-тіл, 7-көмекей және көмекей тесігі, 8-Евстахиев түтігінің тесігі.



44-сурет. Бақаның ас қорыту жолы: 1-өңеш, 2-қарын, 3-он екі елі ішек, 4-жіңішке ішек, 5-тік ішек, 6-клоака, 7-тік ішектің клоакаға ашылатын жері, 8-қуық.

Тыныс алу жүйесі: тері және өкпе арқылы жүзеге асырылады. Жеке-жеке тері не өкпе ағзадағы газ алмасуды қамтамасыз ете алмайды. Өкпесі көпіршікті емес, қапшықты құрылыста. Тыныс алу жолдары төменгі ретпен орналасқан. Сыртқы танау тесігі, ішкі танау тесігі, көмекей, кеңірдек, бронхалар, өкпе қалыптасады.


Тыныс алу көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу, шығаруға кең ауыз-жұтқыншақ қуысы қатынасады. Хоана мен көмекейдегі ашылып жабылып тұратын аңқалар жүйесі тыныс алуға көмектеседі. Алқым босаңсып төмен түскенде ауа ауыз-жұтқыншақ қуысына еніп, жиырылып жоғары көтерілгенде өкпеге өтеді. Алқым қайта босаңсығанда ауа өкпеден ауыз-жұтқыншаққа, ал жиырылғанда танау тесігі арқылы сыртқа шығады, яғни бір тыныс алу актісінде алқым екі рет жиырылып босаңсиды.
Өкпенің көпіршікті емес қайшық тәрізді екендігін байқау үшін, ұшы ұшталған шыны түтікті көмекей саңылауына енгізіп жайлап алмұртпен не ауызбен үрлейді. Жабысып қалған қызғылт қан тамырлармен торланған өкпе қампиып көрінеді.
Несеп-жыныс жүйесі: Сойылған бақадан ұзынша екі бүйректі, несепағарды айқын көреміз, қуық білінбейді. Себебі жұлынын үзгенде, кескенде қуығын босатып қояды. Егер аталығы болса екі ақшыл кішірек домалақ тұқым безі мен сарғыш түсті (егер ерте көктемде үлкен болса) майлы дене көрінеді.
Аналықтарында ішектің астында иретілген, түйіндер құраған жұмыртқа өткізгіш пен оның кеңейген ұшы воронка көрінеді. Жыл мезгіліне байланысты жұмыртқа безі-уылдырығы әр түрлі мөлшерде болып оның үстіне сарғыш майлы дене айқын көрінеді.
Мүшелерінің орналасу реті, мезонефрициялық бүйрек. Несеп ағар қызметін Вольф каналы атқарады, ол клоакаға ашылады, несеп клоакадан қуық тесігі арқылы қуыққа жиналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет