«Биология, география және химия» ббб



бет22/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

ПАРАЗОА - PARAZOA
Бұл топты құрайтын жәндікгердің басты ерекшелігі - дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланбай біріне-бірі оңай ауыса алатындығы, ауыз тесігінің, ішегінің, тканьдерінің, мүшелерінің, нерв жүйесінің жоқтығы. Паразоа тобына бір ғана губкалар типі жатады.
ГУБКАЛАР ТИПІ - SPONGІA НЕМЕСЕ PORІFERA
Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі - балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.
Құрылысы және физиологиясы. Губкалардың денесі сыртқы дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты - парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. Губкаларға тән қасиет - денесінде көптеген саңылауларының (пораларының) болуы. Осыған байланысты губкаларды кейде латынша Porіfera - ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады.
Eumetazoa бөлім үстіне сипаттама. Coelenterata-Ішекқуыстылар
1.1.Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. 1.2.Типтің систматикасы. 1.3.Экологиясы. 1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшеліктері. 1.5.Маңызы.

Нағыз көп клеткалы жануарлардың басты ерекшелігі - дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-бірімен өзара байланысты тканьдері, мүшелері, нерв жүйесі жақсы дамыған.


Eumetazoa тобындағы жануарлар, мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radіata және екі жақты (билатеральды) симметриялы жануарлар - BUaterata.
Сәулелілерге екі тип жатады: ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер -Ctenophora.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет