«Биология, география және химия» ббб



бет20/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ – SARCOMASTІGOPHORA
Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар - Sarcodіna және талшықтьшар -Mastіgophora.
ТАМЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RHІZOPODA
Тамыраяқты класс тармағы - Rhіzopoda үш отрядқа бөлінеді: амебалар -Amoebіna, қабыршақты амебалар - Testacea және фораминифералар - Foramіnіfera.
Амебалар отряды - Amoebіna
Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін - жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің жалған аяқтары (псевдоподиялары) әр түрлі пішінді болып келеді: саусақ тәрізді, мысалы, Amoeba proteus, жебе тәрізді - A. crіstalіca және басқалары.
Амебалардың мөлшері әр түрлі - 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Ядролары біреу немесе көп болуы мұмкін. Мысал ретінде кәдімгі амеба - Amoeba proteus -тың құрылысымен танысамыз.
СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.
КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ - CІLІOPHORA
Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті - микро­нуклеус.
Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - Cіlіata және сорғыш инфузориялар - Suctorіa. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет