2-тапсырма. Тұрақты препараттардан трипаназомаларды тауып, құрылысымен танысып, суретін салу (6-сурет).
3-тапсырма. Тұрақты препараттардан опалиналарды тауып, құрылысымен танысып, суретін салу (7-сурет). Сұрақтар: 1 Талшықтылардың қозғалыс тәсілі кандай?
2 Талшықтылар мен саркодиналардың ұқсастығы.
3 Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары.
4 Вольвокстің көбею әдістері?
5 Вольвокстің жынысты және жыныссыз жолмен көбеюіндегі айырмашылықтары.
6 Талшықтылардың маңызы.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: изогамды копуляция, анизогамия, кариогамия, стигма, базальді дене, пелликула, кариоплазма, толқын тәрізді жарғақ, кинетопласт, микрогамета, макрогамета.
ИНФУЗОРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Мақсаты: Кірпікшелі кебісшенің мысалында инфузориялардың өздеріне тән белгілерімен танысу
Патшалық тармағы Қарапайымдылар – Ргоtozоа
Тип Инфузориялар – Сіlіорһога
Класс Кірпікшелі инфузориялар – Сіlіаtа
ОтрядХименостомата – Hymenostomatіda
Өкілі Кірпікшелі кебісше – Paramecіum caudatum
Отряд Шеңбер кірпікшелілер – Регіtгісһа
Өкілі Сувойка – Vortіcella sp.
Отряд Әр түрлі кірпікшелілер – Неtегоtгісһа
Өкілі Стентор - Stentог sр.
Құралдар: Тұщы суда тіршілік ететін кірпікшелер, тұрақты микропрепараттар.
1-тапсырма. Уақытша микропрепараттан инфузорияларды тауып, сыртқы, ішкі құрылысымен және цитоплазмадағы органоидтермен танысу. Кірпікшелердің орналасуына қарап инфузориялардың отряд тармағын анықтау қажет. Инфузорияның қозғалысымен және ас қорыту вакуольдарының жасалуымен танысу, қызыл бояу карминмен қоректендіргеннен кейін макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарап, кірпікшелі кебізшенің құрлысының суретін салу.
2-тапсырма. Сувойкалардың су асты заттарына бекінген жеке және колониялды формасымен танысу. Бір тамшы судан инфузорияларды тауып (11-суретте) көрсетілген олардың қай түрге жататынын анықтаңыздар.
Сұрақтар: 1 Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың құрылысының, тіршілік процестерінің күрделенуі неде?
2 Ядролық дуализм дегеніміз не?
3 Кірпікшелердің қозғалыс әдістері қандай?
4 Талшық пен кірпікшелердің ұқсастығы неде?
5 Кірпікшелілердің ас қорыту процесстерінің күрделену ерекшелігін атау қажет.
6 Кірпікшелілердің ядролық аппаратының ерекшелігі неде?
7 Конъюгацияның физиологиялық мәні неде? Конъюгация мен копуляцияның айырмашылықтары?
8 Инфузориялардың классификациясы қандай белгілерге негізделген?