«Биология, география және химия» ббб



бет58/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

1-тапсырма. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суре­тін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз
Буылтық құрттардың сыртқы құрылысының салыстырмалы сипаттамасы

Салыстыру элементері

Полихеттер

Олигохеттер

Сүліктер

Бас бөлімі. Құрама элементері










Простомиум, оның құрылысы және құрылымы










Перестомиум, оның құрылысы және құрылымы










Пигидий, оның құрылысы және орналасуы










Қосымша қозғалу органдары (параподии, қылтанақтары, сорғыштары), олардың құрылысы және орналасуы










Дене сегментациясы










Сыртқы құрылысындағы метамериясы










Сұрақтар:
1 Сүліктердің сыртқы құрылысының басқа буылтық құрттарға қарағанда айырмашылықтары қандай?
2 Сүліктердің маңызы.
3 Сүліктердің денесіндегі екінші қуыстың өзгеруінің себебі неде?
4 Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.
5 Қан айналу системасы мен целомның арасында қандай корреляция байқалады?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: субсти­туция, гирудин, кокон, эктопаразиттер, дорзовентральді бағыт, кутикула.

5-зертханалық жұмыс


БАУЫРАЯҚТЫ МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ
МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Мақсаты: Жүзім ұлуын мысалға ала отырып бауырақаяқты моллюскаларға тән ерекшеліктерімен танысу
Тип Моллюскалар – Моllusса
Тип тармағы Бақалшақтылар – Соnchіfera
Класс Бауыраяқтылар – Gastropoda
Класс тармағы Өкпелілер – Pulmоnata
Отряд Сабақшакөзділер – Stylommatophora
Өкілі Жүзім ұлуы – Неlіх pomatіa
Құралдар: Фиксацияланған жүзім ұлуы.
1-тапсырма. Жүзім ұлуының бақалшағының құрылысын қа­растыру: биіктігін және енін, устьесін, төбесін, бұрамдарының саны мен олардың орналасуын. Бақалшақтың спиральді оралуы­ның бағытын анықтаңыздар.
2-тапсырма. Жүзім ұлуының ішкі құрылысын, оның бақал­шақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі орган­дарымен танысып, суретін салу керек
Ұлудың бақалшағын майдалап сындырып, бақалшақсыз сыртқы құрылысын көру керек. Оның денесінің асимметрия­лы екендігіне көңіл аудару керек. Ұлудың айналмалы денесін бойлай сойып, өкпесін, бүйрегін, жүрегін қарау керек. Ары қарай соя отырып, оның ас қорыту және жыныс мүшелерін көріп, олардың суретін салыңыздар.
Сұрақтар:
1 Құрсақаяқтылардың денесінің симметриясы қандай?
2 Мантия қуысы қандай эпителий қабатымен қапталған -эктодермальды ма, әлде энтодермальды ма?
3 Құрсақаяқтылардың жүйке жүйесіне тән (хиастоневрия) қиылысуын қалай түсіндіруге болады?
4 Ұлулардың көпшілік түрлерінде неге бір ғана жүрекше бар?
5 Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?
6 Моллюскалардың жүйке жүйесінде қандай ганглий түйіндері бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет