«Биология, география және химия» ббб


Зертханалық жұмыстарға қажетті негізгі



бет49/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107
Зертханалық жұмыстарға қажетті негізгі
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:



1

Қол және штативті лупа

1

2

Микроскоп

1

3

Парафинделген ыдыс табақша

1

4

Препараттық инелер

6

5

Қайшы

2

6

Қандауыр (скальпель)

1

7

Пинцет

1

8

Тампондар

4

9

Тақырыпқа сәйкес ылғал препараттардың әртүрі

1

10

Таратып берілетін құрғақ препараттар (қаңқа, мульяж т.б)

1

11

Зерттеп оқытуға арналған объектілер

1




(екі студент үшін)






1-зертханалық жұмыс
САРКОДТЫЛАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мақсаты: Саркодтылардың құрылымдық-функциональді бе­йімділігімен танысу және олардың көп түрлігін анықтау
Патшалық тармағы Қарапайымдылар – Ргоtozоа
Тип Саркомастигофоралар - Sarcomastіgophora
Класс Саркодиналар – Sarcodіna
Класс тармағы Тамыраяқтылар – Rhіzopoda
Отряд Амебалар – Amoebіna
Өкілі Кәдімгі амеба – Amoebа ргоtеus
Отряд Бақалшақты амебалар – Теstaсеа
Өкілдері 1) Арцелла – Агсеllа sр.
2) Диффлюгия – Dіfflugіa sр.
Отряд Фораминифералар – Ғогаmіnіfега
Өкілдері: Бір және көп камералы фораминифералар.
Құралдар: Микроскоптар. Тірі амебалар. Тұщы суда мекен­дейтін тірі бакалшақты амебалар және амеба протей, дизенте­риялық амеба, арцелла, диффлюгияның дайын микропрепарат­тары.
1-тапсырма. Амебаның құрылысымен танысып, суретін са­лу. Цитоплазманың дифференцациясына көңіл аудару. Органоид­тарын анықтап (ас қорыту, зәр шығару, вакуолдерін қарап, экто- және эндоплазмалық құрылысын салыстыру) (1-сурет).
2-тапсырма. Бақалшақты амебалардың, кұрылысымен және қоректену, қозғалу қабілетімен танысу. Фораминифералардың қарапайым және күрделі бақалшақтарының суретін салу.
3-тапсырма. Кестені толтырыңыз
Амеба протея, дизентериялық амеба, арцелла және диф­флюгияның биологиясындағы ұқсастық пен айырмашылықтары

Салыстыру белгілері

Амеба
протей

Дизентериялық амеба

Арцелла

Диффлюгия

Дене формасы













Көлемдері













Қозғалу органоид­тарының болуы













Қоректену тәсілі













Көбеюі













Тіршілік жағдайы













Тіршілік ету ортасы













Сұрақтар:
1 Амеба цитоплазмасының ерекшелігі қандай?
2 Амебаның қандай органоидтары тіршілік үшін маңызды роль атқарады?
3 Амебаның құрылысындағы қарапайымдылығы неде?
4 Сұйық заттар, амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректену әдістері қандай?
5 Бақалшақты және бақалшақсыз амебалардың ұқсастығы және айырмашылығы неде?
6 Амебалардың бақалшақтарының құрылысының табиғаты.
7 Бақалшақты амебалар мен фораминифералардың көбею жолдары.
8 Даму циклы дегеніміз не?
9 Фораминифералардың тіршілік ету ортасы және қоректенуі.


ТАЛШЫҚТЫЛАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мақсаты: Жеке өкілдерін мысалға ала отырып талшықтылар классының өзіне тән белгілерімен танысу
Патшалық тармағы Қарапайымдылар – Ргоtozоа
Тип Саркомастигофоралар – Sarcomastіgophora
Класс Талшықтылар – Mastіgophora
Класс тармағы Өсімдіктектес талшықтылар – Рһуtomastіgop­horea
Отряд Эвгленалар – Euglenіda
Өкілі Жасыл эвглена – Euglena vіrіdіs
Отряд Фитомонадалар – Рһуtоmnadіna
Өкілі Вольвокс – Volvox sp.
Класс тармағы Жануартектес талшықтылар – Zoomastіgop­horea
Отряд Кинетопластидалар – Kіnetoplastіda
Өкілі Трипанозома – Trypanosoma sp.
Құралдар: Тұщы суда тіршілік ететін тірі эвгленалар, тұрақ­ты микропрепараттар. Микроскоптар. Фиксацияланған вольвокс­тер.
1-тапсырма. Эвгленаның және трипанозоманың құрылысы­мен танысу. Қоректену, денесінің осмос қысымын, қимыл-қозға­лысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.
Шар тәрізді вольвокстың колониясымен танысып, клетка­ларының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып диф­ференциациялануына көңіл аудару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет