«Биология, география және химия» ббб


Мақсаты: Таспа құрттардың құрылысымен және даму циклі­мен танысу Тип



бет55/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Мақсаты: Таспа құрттардың құрылысымен және даму циклі­мен танысу
Тип Жалпақ құрттар – Рlаtһеlmіntһеs
Класс Таспа құрттар – Сеstоdа
Отряд Солитерлер – Сусlорһуllіdеа
Өкілі Доңыз солитері – Tаеnіаrһуnсһus sаgіnаtus
Отряд Таспа құрттар – Рsеudорһуllіdеа
Өкілі Жалпақ таспа құрт – Dіphyllobothrіum lаtum
Құралдар: Фиксацияланған таспа құрттар, таспа құрттармен жараланған балықтардың препараттары, фиксацияланған эхино­кок, финналар. Таспа құрттардың сколекстерінен жасалған то­тальдық препараттар. Жетілген және жетілмеген (гермафродит­тік) буындар­дың препараттары.
Тапсырма: Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстердің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындардың құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып суретін салу. Финналардың құрылысына қарап, суретін салу. Доңыз солитерінің даму циклінің схемасын салу.
Сұрақтар:
1 Таспа құрттар мен турбеллярийдің ұқсастықтары неде?
2 Гипогенез және метаморфоз дегеніміз не?
3 Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылық­тар бар? (Мысал ретінде доңыз солиттерін алыңыз).
4 Таспа құрттар қалай қоректенеді?
5 Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрық­тануы.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: финна, сколекс, стробила, проглоттидалар, ботрилер, плероцеркоид, цистицеркоид, стробиляция, онкосфера.


ЖҰМЫР ҚҰРТТАРҒА МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Мақсаты: Аскариданы мысалға ала отырып, жұмыр құрт­тарға тән белгілермен танысу
Тип Жұмыр құрттар – Nemathelmіnthes
Класс Нағыз жұмыр құрттар – Nеmаtоdа
Класс тармағы Сецерненттер – Sесеrnеntеа
Өкілі Жылқы асқаридасы – Раrаsсаrіs еquorum
Құралдар: Фиксацияланған аскаридалар, көлденеңінен кесіл­ген гистологиялық препараттар.
Тапсырма: Аскариданы сойып, оның анатомиялық құры­лысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлде­нең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.
Сұрақтар:
1 Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырма­шылықтары неде?
2 Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?
3 Аскариданың бұлшық-ет қабының өзгешеліктері қандай?
4 Аскариданың жүйке жүйесімен, зәр шығару жүйесінің өзге­шеліктері қандай?
5 Жұмыр құрттардың маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет