8. Зертханалық жұмыс. Құстар-Aves-класы ҚҰСТАРДЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ Құстар омыртқалы жануарлар ішінде ауа кеңістігінде ұшуға бейімделген белгілері айқын көрінетін ағзалар. Денесі аққыш формада. Мойындары ұзын, қозғалмалы. Мүйізді жабындымен қапталған тұмсықтары бар, жақтарында тістері болмайды. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналса, артқы аяқтары негізінен тірек, жерде қозғалу, ағашқа өрмелеу, қоректерін ұстау, суда жүзу-сүнгуде ескек қызметтерін атқарады. Табан мен тірсек сүйектерінің төменгі қатарларының бірігуінен ерекше сүйек-жіліншік (цевка) қалыптасқан. Саусақтар саны 4 олар әртүрлі пішінде.
Денесі эпидермия түзілісі қауырсындармен қапталған. Дене t 39қ-44қС ауытқып отырады. Ет жүйесінде қанатты қозғалысқа келтіретін еттер төс бөлімінде жақсы жетілген. Қаңқасы көптеген ұзын сүйектердің (пневматикалығына) қуыстары ауаға толы және көпшілік сүйектердің ерте бітісуіне байланысты жеңіл. Асқорыту жүйесі қарынның етті, безді болуы және көпшілік құстардың жемсауы болуымен ерекшеленеді.
Құстардың өкпесі ауа қапшықтарымен қатынасып, олар қос тыныс алуға, температура реттеуге, ішкі мүшелер кедергісін азайтуға және қаңқаның пневматизациясына қатынасады.
Жүрегі төрт камералы, оң жақ қолқа доғасы сақталған. Бүйрегі жамбастың, қуығы болмайды.
Құстар дара жынысты, көпшіліктерінің жыныстық деморфизмі байқалады. Аналықтарының тек сол жақ жұмыртқа безі мен жыныс жолдары жетілген. Ұрықтануы іштей. Жұмыртқадан шайқаудан соң балапан шығады. Олар қызылшақа (толық жетілмей)-птенцовый және жетілген-выводковый болып бөлінеді.