Тапсырма: І. Өкілінің систематикалық жағдайын анықтау.
ІІ. Тірі құс немесе тұлып-чучело арқылы сыртқы құрылысымен танысу.
ІІІ. Сою не ылғал препараттар арқылы құстардың ішкі мүшелер жүйелерінің орналасу тәртібімен танысу.
ІV. Қан айналыс жүйесінің сызба нұсқасын сызу, салу.
V. Несеп-жыныс жүйесінің ерекшеліктерімен танысу.
VІ. Жүйке жүйесінің орталық бөлігінің ерекшеліктерімен танысу.
Жұмыс барысы Өкілінің систематикалық жағдайы:
Тип:
Хордалылар -
Chordata
Тип тармағы:
Омыртқалылар-
Vertebrata
Класс:
Құстар
Aves
Клас тармағы:
Нағыз құстар
Ornіtura
Отряд:
Кептертәрізділер
Columbіformes
Тұқымдас:
Кептерлер
Columbіdae
Өкілі:
Сұр кептер
Columba lіvіa
Құстардың сыртқы құрылысыментанысу үшін, торда тұрған (союға даярланған) құсты не чучелоны пайдаланады. Құстарға салыстырмалы үлкен емес бас пен ұзын қозғалмалы мойын, тығыз тұлға және күшті редукцияға ұшыраған құйрық тән. Тұмсық, жіліншік және саусақтардан басқа дене бөлімі қауырсындармен қапталған.
Қауырсынның құрылысымен танысу үшін құстың қағу не құйрық қауырсынын жұлып алып, немесе таратылып берілген қауырсынды қарастырады. Қауырсынның теріге батып тұратын іші қуыс бөлігі-негізі-қалам (1). Оның жалғасы тығыз ұзына бойы созылған-білік (2),одан оңға-солға жіңішке мүйізді пластинкалар-мұрттар (3) басталады. Білікпен мұрттардан ілмешектері (5) бар мұртшалар (4) бөлінеді. Осы мұртшалардағы ілмешектер желпуішке аэродинамикалық қасиет береді. Мұрт, мұртшалар кешені жіңішкелеу сыртқы (6), жалпақтау ішкі (7) қауырсын желпеуіштерін құрайды. Осы сияқты күрделі құрылым қауырсынның жеңілдігін, беріктігін қамтамасыз етеді. Соғу кезінде мұртшалар майысып, ілмешектер ажырап, қауырсында саңлау пайда болады. Құс тұмсығымен сипап қалпына келтіреді. Осыған көз жеткізу үшін қауырсын желпуішін инемен ажыратады (ілмешектер ажырайды) сонан соң ығына қарай сипаса, желпуіш тұтастығы қалпына келеді. Қауырсынның ең төменгі бөлігіндегі мұртшаларда ілмешектер болмайды, сондықтанда желпуіш құрамай, қауырсынның мамықты (8) бөлігі деп аталынады. (75 сурет).