Оның формуласы сынадай болады: Жалпы алғанда 8-күрек тіс, 4-сүйір тіс, 8-кіші азу тіс, 12-үлкен азу тіс барлығы 32 азу тіс.
Үлкен азу тістің 3-сін “ақыл тіс ” дейді.Ол тістердің ең соңында 12-26 жас аралығында шығады. Кей –кейде ақыл тістер мүлде шықпай қалады. Бұл кезде адам тістерінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Бала тіссіз туады. 6-айға толғанда тіс жара бастайды ал екі жасқа толғанда толық жетіледі.
Сүт тістер- бірінші шықққан 26 тісті сүт тістер деп атайды. Оның 2-күрек тіс, 1-сүйір тіс, 2-азу тіс болады.Бұл жерде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.Себебі, 6жастан-13 жас аралығында сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері өсіп шығады. 4. Зат және энергия алмасу дегеніміз — бұл организмге сыртқы ортадан әрі түрлі заттардың келіп түсуі, олардың қорытылуы және өзгеруі, құралған ыдырау өнімдерінің шығарылуы. Мұның үстіне организмде оның тіршілік қызметін сипаттайтын көптеген әр түрлі химиялык, электрлік, термикалық және механикалық құбылыстар байқалады. Зат алмасу мен энергияның пайда болуы бірінен-бірі бөлек алынып қаралмайды. Өйткені олар белгілі материя мен энергияның сақталу заңы бойынша жүреді.
Балаларда зат алмасу ересектерге қараганда әрқашанда жоғары болады, әрі бұның өзі бір топтағы балалардың өзінде де тұрақты болмайды, өйткені ол организмнің өсуі мен дамуына және нерв жүйесінің жай-күйіне тығыз байланысты.
Зат алмасудың күшейетін және баяулайтын кезі болады, ол жылдың әр мезгілінде -өсу процесінің арту және баяулауына байланысты. Жаңа туған нәрестелерде зат алмасу қарқынды түрде өтеді, ал төменгі класс оқушыларында ол әлдеқайда баяу, бірақ бұл процесс жыныстық кемелдену кезеңінде күрт артады. Ересектердегі зат алмасу дене күшінің жұмсалуына, сондай-ақ денсаулықтың жай-күйне байланысты өзгеріп отырады. Зат алмасудың реттелуі. Организмдегі зат алмасу екі жолмен жүреді: нервтік және гуморалдық. Аралық мида (гипоталамус) белок, май, көміртегі және су-тұз алмасуды басқаратын учаске болады.
Зат алмасудың гуморальдық жолын қарын асты безінен қан алып келген инсулиннің әсерімен глюкозаның гликогенге айналу мысалынан көруге болады.
Қалқанша бездің ауруы зат алмасуын бұзады, ал жануардың ойдағыдай жұмыс істеп тұрған безін алып тастау зат алмасуды күрт төмендетеді, организмді ауыр зардаптарға ұшыратады.
Эндокринді бездер қызметінің күшеюі немесе нашарлауы мидың-эфферентті импульстеріне байланысты болып келеді яғни, заталмасудың гуморальдық реттелуі орталық нерв жүйесі арқылы қадағаланады. Мәселен, шартты түрдегі қоздырғыштармен тәжірибе жасағанда оттегін пайдалану 100—150% артады, ал өкпенің ауа айналымы тыныштық кездегіден екі есе көбейеді.
Зат алмасудың шартты рефлекс арқылы реттелуіне жарыс өткенге дейінгі (бірнеше сағат, кейде бірнеше тәулік бұрынғы) спортшының жай-күйі мысал бола алады. Организмде бірқатар өзгерістер байқалады, оттегін пайдалану мен көмір қышқыл газын бөлу артады, дененің температурасы көтеріледі.Белок алмасу. Балалардағы азоттың оң балансы.Организмде белоктар клетканың басты құрылыс материалы болып табылады. Ферменттер мен гормондарды құрай отырып олар организмде өтіп жататын процестерді реттейді, қорғаныш қызметін атқарады, организмнің түрі мең өзіндік айырмашылығын анықтайды.
Организмде белоктар энергетикалық роль атқарады (1 г белок 4,1 ккал береді). Олардың полипептид және амин қышқылдарына бөлшектенуі, сондай-ақ сіңуі және организммен шығарылуы (несеп, нәжіс түрінде) үздіксіз жүріп отырады. Сондықтан организм (әсіресе, дамып келе жатқаны) белокпен үздіксіз қамтамасыз етуді талап етеді.
Организмге түсетін белоктың мөлшеріне денсаулық, дененің дамуы және жұмысқа деген қабілеттілік тығыз байланысты, сондай-ақ жас балалардың ақыл-ойының дамуы да тікелей белокқа байланысты болып келеді. Организмңің белокпен жеткіліксіз камтамасыз етілуі ауыр зардаптар мен сырқаттарға душар етеді. Әдебиеттерде балалардың белокқа деген сұранысы туралы біріңғай пікір жоқ болса да, СССР Медицина Ғылымдары Академиясының Тамақ институтының мәліметтері бойынша белоктық тәуліктік нормасы 4—7 жастағы баланың 1 кг салмағына 3,5 г, 8-ден 12-дейін — 3 г, 12-ден жоғарыдағыларға — 2—25 г құрауға тиіс.
Организмге түскен және шығарылған азоттың қатынасына карап, азот балансы (тепе-теңдігі) туралы тұжырым жасауға болады.Егер организмге түскен азот организмнен шығарылған азоттан гөрі көп болса онда бұл байланыс дұрыс деп есептелінеді. Осындай белок синтезінің ыдыраудан көбірек болуы балалық шақта байқалады (туылғаннан оганизмнің өсуі тоқталғанға дейін). Егер де шығарылған азот түскен азоттан көп болса, яғни организмдегі бөлінген белок синтезделгеннен көп болса, онда азоттың теріс байланыста болған ол кейбір сырқаттар кезінде, ашыққанда, сондай-ақ құнарлылығы кем асты пайдаланғанда кездеседі.
Организмнің азотты пайдалануы әрқашанда тағамның сипатына (қатты, жұмсақ, ыстык, суық), ондағы белоктың санына және сапасына (сүт, ет, өсімдік) тәуелді болады.
Құрамына организмге кажетті барлық амин қышқылдары, былайша айтқанда, алмаспайтын амин қышқылдары лейцин, изолецин, валин, метионин, лизин, фенилаланин, гистреонин, триптафан және басқалар кіретін белоктар бағалы белоктар деп аталады. Тағамда осы амин қышқылдарының бірі болмаса айналулар мен ауытқуларға әкеп соғады. Мәселен, тәжірибе жасалынып жүрген жануарлардың рационында лизин жоқ болса, онда олардьщ өсуі токтап, салмағы тәмендейді, валин болмаса, нерв жүйесінде жүретін процесстер тепе-теңдігі бұзылады: триптофан болмаған жағдайда өсу мен зат алмасу процестері бұзылады.
Құнарлы белоктар жануарлар өнімдерінен алынған азықтарда (ет, сүт, балық, жұмыртқа) болады. Құнарсыз белоктарда организмге кажетті амин қышқылдары болмайды. Оларға мәселен, өсімдік белоктарының көпшілігі, жануарлар белогынан — желатин жатады. Бұл белоктарда амин қышқылдарын алмастыратын заттар бар, яғни олар организмде түзіле алады. Мәселен, тирозин фенилаланинды алмастыра алады.
Құнарсыз белоктардан тұратын өсімдік өнімдері бала организмі үшін өте кажет. Сондықтан құнарсыз белоктарды оқушылар тағамынан шығарып тастауға болмайды. Мектеп жасында жануарлар және өсімдіктер белогының арақатысы — 3:1, ересектер үшін 1:1.