Мектепті сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Су және балалар ауруы.Сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Мектепті сумен қамтамасыз ету жергілікті су көздері немесе орталық су құбырлары (қалалық, поселкалық, колхоздық) арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті су көздеріне құдықтың барлық турлері мен бұлақтар жатады. Майда құбырлары немесе шахталы құдықтар олардың анағұрлым жетілген түрі болып табылады.
Майда құбырлы (бұрғылы) құдықтардың бірқатар гигиеналық артықшылықтары бар. Олардьщ қабырғаларынан жоғарыдан келетін cу өтпейді. Ауыз су таза, минералдық тұздарға бай, тереңнен алынады, суды насоспен тарту оның былғануына жол бермейді.
Шахталы құдықтардың қабырғалары ағаштан, табиғи тастардан, қыш немесе бетон сақиналардан өріледі. Мұндай кұдықтар шаң-тозаң түспес үшін кақпақпен жабылады. Құдықтың орнын оған қар, жаңбыр, ағын сулар түспейтін жерден таңдайды. Сонымен бірге құдықтың айналасындағы тереңдігі 1,5—2 м, ені 1 м жердегі сазды мұқият таптайды. Бұл ағын және қар суын сіңдірмейтін тапталған бөгесін болып табылады. Бөгесіннің үстін (одан 100—150 см ендірек етіп) ағашпен, асфальтпен немесе бетонмен (судың ағыны күшті болуы үшін) еңістеу етіп жабады.
Шахталы кұдықтардан суды кұбыр арқылы алу гигиенаға сай келеді, алайда шынжырға тас қып бекітілген шелек арқылы тартуға да болады.Жергілікті су көздерін пайдаланған кезде ауыз су үшін арнаулы фонтан-бөшкелерді пайдаланған жөн. Шелек немесе күріжкені пайдалану тазалық талаптарына сай келе бермейді.Су орталықтан қамтамасыз етілген жағдайда мектепке ауыз суға арналған фонтан орнатқан дұрыс. Бұл жағдайда инфекция жұқпайды.
5. Витаминдердің қажетті мөлшері. В, витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, комірсу алмасуына қатысатын ферменттердің қүрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не жеткіліксіз болса адам "бери-бери" (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш Иңдокитайда, Филиппин аралдарында және Жапонияда осындай науқастар байқалған. Бүл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген тағамды жегеңде оның болмайтыны белгілі болды. В, витамині бидайдың қабығында, бұрыштарда, бауыр, бүйрек, жүрек етінде көп болады.
Тиамин денеде өндірілмейді және қорға жиналып, сақталмайды. Тағаммен келген тиаминнің артық мөлшерінің біразы сыртқа шығарылады, ал біразы тиаминаза ферментінің әсерінен ыдырап пирамин, пирамидин жөне тиазол деп аталатын заттарға айналады.
Ішек қабырғасынан тиамин қанға өтіп, ұлпаларда фосфоферилаза ферментінің көмегімен фосфорландыру жолымен өзгеріп, декарбоксилаза коферментіне айналып, катализаторлық қызмет атқарады.