Кәмелетке келу немесе д амып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Ж ы н ы с т ы қ ж е т і л уқыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар: Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
Өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына теуелділігі;
6) Өсу мен дамудың акселерациясы.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады.Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт).
Өсу кезінде адам өмірінде үш рет күшейеді:
1.Туғаннан З жасқа дейін.
2.3-7 жас арасында.
3.Жыныстық жетілу кезеңінде.
Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығанда ұзындыққа өсуі баяулайды.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды.
Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Организмнің ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіңдеп дамып, 16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала организміне әсер ететін ауыр жұмысты, дене еңбегін, спортпен шұғылдануды ұйымдастырғанда осыны ескерген жөн.
Қорытып айтсақ, бала организмінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланысты мөлшерлеген жөн.
Былайша айтқанда, өсу мен дамудың гетерохрондылығын сыртқы ортаның жағдайлары мен бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі деп есептеуге болады.
2. Бала организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынды, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді. Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады. Яғни барлық балаларға ортақ зандылықтардан басқа өсу мен дамудың баланың жасына байланысты ерекшеліктері байқалады. Жыныстық айырмашылықты оқу-тәрбие, спорт, қара жұмысты ұйымдастырғанды еске алып, жынысына қарай мөлшерлейді. Кейбір спорт түрлерімен қыздарға шұғылдануға болмайды, айталық, ауыр атлетика т. б. олардың болашақ ана екенін естен шығармау керек. Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі кажеттіліктен анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады (мысалы, зәр шығару, өкпе, бүйрек, тері, ас қорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатында түзіледі, т.с.с.). Мұндай ұйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жас өспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Әйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. осыған байланысты ғалым гигиенистер оқу-тәрбие жұмыстарының өсіп келе жатқан бала организміне лайықтандырылуы туралы қағида ұсынды. Бұл қағидаға сәйкес оқу, еңбек, спорт жүмыстарын баланың жынысына және жасына лайықтау мөлшерлері көрсетілген.
(Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорц и я с ы деп адамның басты, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады да, олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұла бойының үзындығы 2:4, аяқтарының ұзындығы 1:4 болады. Мүңдай пропорция 1 жасқа дейін сақталады, ал 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктерінің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастағы баланың дене пропорциясы мынадай болады: 1:5, 2:5, 2:5. Екі жастан әрі қарай жілік сүйектері жылдамырақ өседі де 6 жаста дене пропорциясы 1:6, 2:6, 3:6, яғни баланың аяқтарының ұзындығы тұла бойынан артық бола бастайды. 5-6 жастағы баланың қол-аяқтары ұзарып жалпы ұсқыны өзгереді. 6 жастан әрі қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді, соңдықтан 7 жастағы баланың басының ұзындығы 1:7, тұла бойы 3:7, аяқтары 3:7 қатынасында болады, яғни 7-8 жасар баланың аяқтары мен тұла бойының ұзындығы теңеседі. Одан әрі қайтадан жілік сүйектерінің өсу қарқыны үдеп, 12 жаста баланың дене пропорциясы 1:8, 3:8, 4:8 қатынасындай болады. Бұл пропорция дұрыс өсіп жетілген ересек адамның дене пропорциясы болып қала береді. Яғни ересек адамда аяқтарының ұзындығы жалпы бойының жартысына тең болғанда, оны сымбатты адам деуге болады. Дегенмен мұндай жақсы пропорция барлық адамда кездесе бермейді, себебі оған сыртқы ортаның түрлі жағдайлары әсер етеді. Айталық, баланың бас сүйегі жылдам өсіп келе жатқанда бала ауырып қалса немесе жілік сүйектері тез өсетін кезде баланың тамағының құрамында сүйектің өсуіне қажетті кальций мен фосфор аз болса, оның дене пропорциясы жасына сай дұрыс болмайды Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу жөне даму қарқыны, жыныстық геморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін. Бірақ егіздерді зерттеу әдісімен табылған мәліметтер бойынша (Никитюк, Мүсағалиева, Савченко, 1990) сыртқы ортаның жағдайлары негізгі тұқым қуалайтын зандылықтардан онша асып кете алмайды, яғни балалар мен жастардың өсуі мен дамуы белгілі биологиялық зандылықта сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады» Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау, жан-жақты жетілдіруге қажетті жүмыстарды үйымдастырғанда ол зандылықтарды міндетті түрде ескеру керек.
1960-1990 жылдары байқалган еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамрақ болуын есу мен дамудың а к с елерациясы деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нактылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың оңаша көрсеткіштерімен салыстырады. Мысалы, 1979 жылғы Ресейдегі Мәскеулік 12 жасар ер балалардың бойы 1930 жылдағыдан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. XX ғасырда өмір сүрген Германиядағы балалар мен жас өспірімдердің белгілі бір жас кезіндегі керсеткіштері XIX ғасырдағылардан анағұрлым артық болған.
Мұндай мәліметтер қазақ балаларының өсуінде де кездеседі. Айталық, 1976 жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта шамамен 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса (Алиакбарова, 1993,1995), 1950 жылдары ол керсеткіштер 146,6 см; 37,03 кг; 70,67 см (Шәкенов, 1960) болған, ал 1980 жылдары айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін керуге болады.