Биология кафедрасы



бет8/100
Дата08.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#80610
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100
Байланысты:
Áèîëîãèÿ êàôåäðàñû

Бақылау сұрақтары

  1. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы нені және қалай зерттейді?

  2. Қазақстан және шет ел ғалымдарының жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасына қосқан үлестері қандай?

  3. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының өзара және басқа пәндермен байланысы қандай?

4.Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы қалай дамыды?
5.Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы қандай зерттеу әдістерін пайдаланады?


Лекция №2


Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
Жоспары:
1.Организм және оның біртұтастығы. Организм мен қоршаған орта.Нерв жүйесі мен ішкі секрециялық бездердің организмнің біртұтастығын қамтамасыз етудегі ролі.Организм қызметтерінің нейрогуморальдық реттелуі.Гомеостаз және он анықтаушы факторлары.Организмнің даму этаптары.Дамудың гетерохрондылығы.
2.Дене шынығу көрсеткіштерінің жастық және жыныстық заңдылықтары.Дене шынығуы - адам саулығының және тіршілік жағдайларының әлеуметтік көрсеткіші.Дене пропорциясының онтогенезі әртүрлі кезеңдердегі өзгерістері.
3.Өмір тіршілік жағдайларының балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, дамуына тигізетін әсерлері.
Лекция мақсаты: Балалар мен жастардың организмінің өсіп дамуын үйрету.
Лекция мәтіні:
1. Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.
Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:
1.Бойы - (адамның денесінің ұзындығы),
2.С а л м а ғ ы
3.Кеуде шеңберінің өсумен қатар организмде даму жүріп жатады.
Д а м у - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы - деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық жоне функциялық дамуы.
Ф изикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет