Жүректің өздігінен жұмыс істеуі.Органның, ткань мен клеткалардың сыртқы тітіркендіргішерінсіз өздерінде пайда болатын импульстердің әсерімен қозуы оның өздігінен жұмыс істеуі деп аталады. Бұл қасиетті жануардың жүрегін бөліп алып және белгілі бір жағдайлар жасап (ауа, тамырлар арқылы жүретін ертінділердің температурасы) көз жеткізуге болады. Аритмияны жүректегі өткізгіш жүйе арқылы түсіндіруге болады.
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек бұлшық етіндегі типсіз клеткалар мен Пуркинье ұлпалары (зерттеген ғалымның атымен аталған) жүректің өткізгіш жүйесін кұрайды. Оның бас жағы синус түйіні жоғары қуыстағы венаның төменгі етегіне орналасқан.
Синус түйінінде пайда болатын импульстер жүрекше-қарынша түйініне тарайды, сонан соң екіге тармақталып жатқан жүрекше-қарынша шоғырына жетеді, сонан соң миокардамен қарыншадағы бүртік тәріздес бұлшық еттермен байланыс жасайды. Бұл бір мезгілде ең әуелі жүрекшенің сонан соң қарыншалардың және осы фазалардын белгілі бір уақыттан соң ырғақты түрде қайталанып отыруын қамтамасыз етеді.
Әрбір қозудан (жиырылудан) соң жүрек қозбайтын күйде болады. Қозбайтын кезең жүрек жұмысының үзілісіне сай келеді. Жүрек жұмысындағы барлық үзілісті есептейтін болсақ, ол тәулігіне 8 сағаттай дем алады.
Жүрек қызметінің нервтік реттелуі. Жүрек жүмысын реттеуге нерв жүйесі белсене қатысады. Парасимпатикалық өсінділер арқылы жүретін импульстер жүректі әлсіретеді және оның соғысын баяулатады. Мұндай кезде, жүректің күші азайып жиырылуы сиректейді, кейдетіпті тоқтап та қалады. Симпатикалык өсінділердің импульстері күшейтпелі және жылдамдатушы әрекет береді.
Гуморальды реттелу. Жүректің қызметіне қанда, организмнің басқа сұйықтықтарында еріген заттар әсер етеді. Бұны гуморальдық реттелу дейді. Мысалы, бүйрек үсті гормоны адреналин қанға табиғи түрде-немесе қолдан ендірілсе жүректің жиырылуын күшейтеді, яғни симпатикалық нерв сияқты әрекет етеді; организмнің көптеген тканьдерінде кұралатын ацетилхолин жүректің жиырылуын баяулатады, яғни кезеген нерв секілді әрекет етеді.
Жүрек қызметін реттейтін орталық сопақша, аралық мида және жарты шаралардың маңдай бөлігінде орналасқан. Қанда еріген заттардың әрекеті қан тамырларының рецепторлары арқылы жүзеге асатынын ескерсек, онда жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі – нервтік регуляция деген сөз.
Жүрек-қан тамырларының қызметі әр түрлі тітіркендіргіштердің импульстеріне орай өзгеріп отырады (жылу, суық, ауру және т. с. с). Бұл импульстер ми орталығына, сонан соң эфферентті өсінділер арқылы жүрек бұлшық етіне беріледі, олардың жұмыс ырғағы өзгереді, яғни бүкіл жүректің жұмысы өзгереді.