Биология кафедрасы


Жылу реттеу реакцияларына



бет22/30
Дата05.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#90698
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
ОФД лекция кешен

Жылу реттеу реакцияларына:

  1. Бүгілетін бұлшық еттер тонусы күшейеді (бүрісу күйі) немесе жазылатын (қалшию); осы арқылы жылу бөлетін аумақ мөлшері өзгереді.

  2. Терідегі қан тамырлар өзгеріп, тереңде жатқан мүшелерден аққан қан теріге жылу әкеледі. Суықта тері тамырлары тарылып, жылудың бөлінуін сақтайды.

  3. Сыртқы орта температурасы азайса қан терең веналарға, ал жоғарыласа шеткі тамырларға ауысады. Тері астындағы май жылуды сақтайды.

Жылу реттеу реакциялары – жылу реуепторларының тітіркенуі арқылы ОЖЖ-нің қатысуымен орындалатын рефлекстер. Жылу рецепторлары теріде, шырышты қабықта, қасаң қабықта, жұлында, гипоталамуста. Ағзадағы жылуды өздігінен реттеу орталығы гипоталамус ядроларында орналасқан. Дене температурасын реттеуге қалқан безі гормоны тироксин және бүйрек үсті безі гормоны- адреналин қатысады. Дене жұмысы кезінде жұмыс орындайтын бұлшық еттерде көп бөлінгендіктен дене температуасы өседі. Ағзада ферментативті реакциялар жылдамдығы күшейеді, бұлшық ет коллоидының тұтқырлығы төмендейді; Жүйке бұлшық ет жүйесінің қозу, қозуды өткізуі артады. Сондықтан бой жазу кезінде дене температурасы өсіуі –негізгі міндет. Дене жұмысы кезінде жылудың бөлінуі негізінен тер арқылы іске асады. Шыныққан адамдарда тер бөлінсе тезірек және тер мөлшері көп болады. Бір сағат ішінде 2 л, ал бейімделген адамдарда 4 л дейін тер бөлінеді. 1 г тер буланғанда 0,58 ккал жоғалады. Балалардың жылу реттеу механизмі нашар дамыған (екі жасқа дейін), сондықтан тоңуы және қызуы тез болады.
Оқытудың техникалық құралдары: проектор, кестелер
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе дәріс
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
1-деңгей сұрақтары
1.Жылу бөлу механизмдеріне сипаттама беріңіз
2.Ассимиляция және диссимиляция процестерін түсіндіріңіз
2-деңгей сұрақтары
1.Жылу реттеу реакцияларына сипаттама беріңіз
2. Белок алмасу жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет