WEB сайттар тізімі: http://library.ayu.edu.kz http://rmebrk.kz/ www.booksmed.com/fiziologiya http//www.library.intra.ru
№3 Лекция тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы.
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1 Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу және психикалық қызметтерін атқару үшін организмнің реакцияларын біледі.
2 Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу және олардың өзара әрекеттесу процесстерін физиологиялық тұрғыда түсіндіреді.
3 Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен функционалдық маңызын туралы түсініктерді қалыптастырады.
Лекция мазмұны: Жүйке жүйесі өте нәзік те, күрделі аспап болып табылады. Ол төменгі даму сатысындағы тірі ағзаларда рецепторлар мен бұлшық еттер арасындағы жай ғана байланыстыру рөлін атқарады. Жоғары дамыған ағзаларда оның құрылымы күрделене келе, қоршаған орта мен ағза арасындағы өзара байланыстардың барған сайын күрделі қызметтерін өз міндетіне алады. Адамның қызметі әлеуметтік факторлармен айқындалады, сондықтан жүйке жүйесінің осы қызметтері адамда өз кемеліне жетеді. Бұл жүйке жүйесінің міндетті. Дамудың жоғарғы сатысындағы жануарлардың көбінде жүйке жүйесі басқа мүшелер мен ағза жүйелерімен тең дәрежелі жүйеге жатпайды. Ол басқа жүйелермен, мысалы қан айналым, ас қорыту, бөлу жүйелерімен, бір қатарға қойыла алмайды. Бұл көзқарасты ертеде ағза әртүрлі мүшелердің механикалық жинағы деп есептеген неміс ғалымы Р. Вирхов пен оның ізбасарлары ұстанған. Жүйке жүйесі ағзаның өзге мүшелерімен және жүйелерімен мүлдем басқа өзара байланыста болады. Жүйке жүйесі олардан үстем тұрып, жоғарғы қызмет атқарады. Ми денеде өтетін барлық процестерді өз қарамағында ұстайды.
Мидың аса күрделі құрылысы мен қызметімен және адам ойы тудырған ғылыми, техникалық және өнер салаларындағы ұлы жетістіктермен танысу мынандай сұрақтардың қойылуына итермеледі. Адам миы өзіне тән құрылыс ерекшеліктеріне о баста ие болды ма, жоқ әлде бұл күрделі мүшенің қалыптасуы біртіндеп жүрді ме, және ақырғысы, бұл дамудың кезеңдері қандай болды? Қазіргі ғылымда адамның дамуы, оның онтогенезі филогенездік тұрғыда оның алыстағы арғы тегі болып табылатын жануарлардың күрделі түр түзілу тізбегінен ажыратылып бөлек қарастырыла алмайтындығы жайында күдік тумайды. Эволюциялық теорияның қазіргі таңда күмәнсіз болып отырған осы негізгі қағидасы бірқатар буындағы ғалымдардың арасында болған қатаң келіспеушіліктерінің нәтижесінде тұрақты бекітілді.
Жердегі өмірдің туу мәселесі жайында бірнеше ғасырлар бойы созылған үлкен келіспеушіліктер көзінің бірі тірі организмдер өзінің құрылыс түрлерінің тұрақтылығымен о бастан ерекшеленді ме, әлде олардың дамуы қарапайым түрден күрделіге қарай біртіндеп жүрді ме деген сұрақ болды.
Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеу жөніндегі еңбектерімен әйгілі К. Линней (1707-1778) XVIII ғасырда жануарлардың түрлерінің өзгермейтіндігін тапжылмай қорғады. Бұл түрлер, оның көзқарасы бойынша, көбейіп, көптеген тек қана өзіне ұқсас басқа түрлерді шығарады. Бұл бағыттың қарсыластары табиғаттану саласында табылған ғылыми деректерге сүйеніп, жануар организмдердің түрлерінің өзгергіштігін, олардың қоршаған орта жағдайларына – тағамға, ауа-райына, жарыққа, ылғалдылыққа және т.б. тәуелділігін пайымдаған пікірінен тайынбай, бұл көзқарастарды жоққа шығарып отырды.
Шынайы эволюциялық теория үшін күрес әсіресе қарқынды түрде XIX ғасырдың бірінші жартысында өрістеді, бұл Ж. Б. Ламарк, Ж. Кювье, Сент-Илер, К. Ф. Рулье, Н. А. Северцов, А. О. Ковалевский, А. Н. Бекетов және, ақырында, Ч. Дарвин сияқты ғалымдардың аттарымен байланысты болды.
Ғылыми эволюционизмнің алғашқы негізін қалаушылардың бірі Ж. Б. Ламарк (1744-1829) қоршаған ортаның үлкен қалыптастырушы ролі мен мүшелердің қызметінің олардың құрылысының қалыптасуындағы маңызын атап өткен: «Қызмет мүшені тудырады» деп тұжырымдаған. Ол Ж. Кювье жасаған жердегі апаттар теориясын жоққа шығарып, организмдердің түрленуінің эволюциялық жолын ғана қолдаған. Ламарк жануарлардың организмінің өзгерушілік процесінде жүйке жүйесіне (тітіркену қасиетіне) үлкен мағына берді. Жүйке жүйесінің даму дәрежесіне қарай ол жануарларды әртүрлі топтарға бөлді.
Адамның жануарлардан шығуын, сонымен қатар табиғи сұрыптаудың маңызын дәлелдеген, әлемнің ірі биологтарының бірі Ч. Дарвиннің ашқан керемет жаңалықтары биология саласында үлкен жандану тудырды, бұл эволюциялық теория сұрақтарына байланысты көптеген жұмыстарда көрініс тапты.
Жоғарыда айтылған организмнің даму процесіне деген эволюциялық көзқарастардың дамуындағы негізгі кезеңдер тірі және өлі табиғаттың дамуының барлық түрлерінің тек тарихи тұрғыдағы қарастырылуы ғана дұрыс екендігін куәландырады.
Жүйке жүйесі өзінің дамуының әртүрлі деңгейлерінде тірі организмдердің күрделі түр түзілу процестерінде қандай роль атқарғаны жайлы сұраққа келейік.
Тірі организмдердің түртүзілу процесіндегі жүйке жүйесінің күрделі реттеуші маңызын талдап түсіну үшін ең алдымен эволюция сатысының әр жаңа баспалдағында күрделене отырып, біртіндеп дамыған жүйке механизмдерінің өздерінің қалыптасуымен танысу керек. Бұл түрдің дамуы (филогенез) мен жеке дамуға (онтогенез) қатысты. Әрі қарай жүйке жүйесі қайта құрыла отырып және өзінің ішкі ұйымдастырылуын күрделендіре отырып, сонымен бірге зат алмасуы арқылы жануарлардың дене құрылысын да, бөлек мүшелерін де олардың қоршаған орта жағдайына бейімделуін жақсарту мақсатымен өзгертіп отырғанын түсіну жеңілірек болады.
Күрделенудің жоғарылау дәрежесі бойынша жүйке жүйесінің дамуының негізгі түрлерін қарастырайық.
Адам ұрығын жатыр ішілік дамудың әртүрлі кезеңдерінде зерттеу (4 айға дейін) және оны басқа омыртқалылардың ұрығымен салыстыру олардың құрылысының кейбір ортақ ұқсастықтарын анықтады. Осы бағытта К. М. Бэр, А. О. Ковалевский және А. Н. Северцов өткізген жұмыстар 1864 жылы неміс ғалымы Э. Геккельге адам ұрығының даму барысында өзіне дейінгі төменгі қатардағы омыртқалылардың барлық даму кезеңдерін қайталайтындығын пайымдаған пікірін жариялауға мүмкіндік берді. Бұл пікір кейінірек ғылымға Геккельдің биогенетикалық заңы атауымен енген. Ол бойынша онтогенез филогенездің қысқартылған қайталануы ретінде қарастырылады. Биогенетикалық заң біраз қарсылықтар тудырды және, әрине, ол қатаң заң болып санала алмайды. Әрине, жануарлар әлемі өзінің мыңдаған жылдардағы тіршілігінде басынан өткізген барлық сатыларын объективті түрде бақылап шығу мүлдем мүмкін емес және олардың адам эмбрионында бейнеленіп сақталып қалуы керек деген пікір толығымен қабылдануы да мүмкін емес. Бірақ адамның эмбрионы кейбір өтпелі сипаттағы жауапты кезеңдерді өтетіндігі күмәнді емес, бірақта оны қатаң әрі әділ дәлелдеу қиын, сондықтан да мүмкін емес.