Биология кафедрасы


INSERT немесе түртіп алу стратегиясы



бет33/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

INSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды – деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.
Арнайы кесте толтырылады. Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады.Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын,энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрліоқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған.Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
Куббизм стратегиясы– ойын арқылы оқыту.Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды.Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.1,2–сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады.Бастауыш сыныптарда түрлі–түсті түрде пайдалануға болады. Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады.Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе,оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.
Кім?- Ана
Қандай? -Мейірімді, ақылды
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін -Ағайын – алтау, ана –біреу.
Синоним- Адам
1)Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2)Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3)Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс—әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4)Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5)Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
«Синквейн»тәсілі.Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет