Биология кафедрасы



бет29/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Жаратылыстану-ғылыми
сауаттылық




құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау;

  • заттар мен құбылыстардың негізгі және жанама белгілерін ажырату;

  • алған білімін, қарапайым ғылыми зерттеу дағдыларын қолдану

Компьютерлік сауаттылық




  • компьютерде ақпарат іздеу;

  • компьютерде жұмыс істеу;

  • компьютерде түрлі бағдарламалар жасау

Ақпараттық сауаттылық

  • іздеп табу,іріктеу;

  • талдау,өңдеу,жалпылау;

  • тұжырымдау, есте сақтау,жағдаятқа қарай қолдану

Коммуникативтік

  • өзіне қарата білу;

сауаттылық




  • пікірталасқа қатыса білу, өз пікірін дәлелдей білу;

  • басқаны тыңдай және түсіне білу

-сұрақ қоя білу және нақты,толық жауап бере білу










Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық РІSА, TIMSS
бағдарламалары шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылық жоғарыда
көрсетілген үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық,
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады.Кестеден көріп отырғанымыздай, функционалдық сауаттылықтың әрбір түріне байланысты белгілі бір өлшемдердің көмегімен мектеп түлегінің өмірге дайындығын, әлеуметтік ортаға бейімделу деңгейін бағалауға болады. Бұл жерде өлшем ретінде құзыреттіліктер алынып отыр.
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі білімді
құзіреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр. Қазіргідей пәндік
білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың жалпы дүниетанымының
қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге
бағытталуы мектепте жүретін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық,
эстетикалық-технологиялық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім
нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз.
Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім беру
жүйесін өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай құруды
қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып,
бастауыш мектеп бітіруші түлектерді үлкен өмірге дайындау қажеттігі туындайды.
Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының
жиынтығы, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын
құзіреттіліктер алынады.
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдері мен ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.
Олар:

  • білім беру мазмұны (стандарттар, оқу бағдарламалары);

  • оқыту формалары мен әдістері;

  • оқудағы жетістіктерді диагностикалау мен бағалау жүйесі;

  • қосымша білім беру бағдарламалары;

  • мектепті басқару моделі;

  • серіктестік принциптеріне негізделген қолайлы білім беру ортасының болуы;

  • балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі ата-аналардың белсенді рөлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет