«Гүлмен тілек»
(сергіту және топқа біріктіру)
|
Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.
|
Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
|
ЖАДА
|
5
|
«Сұраққа жетіп ал»
әдісі
А.Ж.Егізбаев бойынша
|
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
|
Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.
|
Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді.
|
СТО, диалогтік оқыту
|
6
|
«Галереяны шарлау» әдісі
Саймон Браунхилл бойынша
|
Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.
|
Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.
|
Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, диалогтік оқыту
|
7
|
|