«Кластер» әдісі
|
Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстардыжинақтау, тұжырымдау.
|
Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.
|
Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау
|
12
|
«Фишбоун» әдісі(постерде)
Жапондық профессор Исикава бойынша
|
Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.
|
Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.
|
Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту
|
13
|
«Өрмекші» әдісі
(постерде)
|
Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.
|
Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді
|
Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
|
Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, Бағалау, диалогтік оқыту
|
14
|
|