Биология кафедрасы


Бағалау көрсеткіштері мен критерийлері



бет71/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Бағалау көрсеткіштері мен критерийлері:



1.Тапсырманы шешу процесі ойша экспериментті болжайды. Ол зерттеудің мақсатын, міндеттерін, гипотезасын қалыптастыруды, жоспарды әзірлеуді, болжау мен нәтижелерді қамтиды.
2. І деңгей- тапсырма мен есептің шартындағы қандай да бір мәліметке қатысты білім алушының бір немесе бірнеше тұжырымды өз бетінше әрі дәлелмен жасай алуы;
3. ІІ деңгей- есептің, тапсырманың берілген шарты негізінде бірнеше параллельді және бір-бірімен салыстырылмайтын өзара тікелей байланысты дәлелді тұжырымдар келтіре білуі;
4. ІІІ деңгей- айқындау негізінде өзара байланысты тұжырымдар жасай алуы.
5.IV деңгей- тиімді деңгей. Оған бір жағынан кез келген оқу материалына сәйкес қол жеткізуге болады. Ал екінші жағынан- оның даму шегі өте кең. Орындаушы қаншама мәлімет сәйкестендірсе, ойтұжырымдар тізбегі қаншалықты ұзын болса, тапсырма соншалықты күрделі әрі білім алушының өз бетінше тануының IV деңгейінің дамуы тиімдірек болады.
6. Деңгейлер бір-бірінен ой тұжырымдау ерекшеліктерімен (тікелей немесе жанама) және берілген шарттардың салыстырмалылығымен өзгешеленеді.


Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба, бейнефильмдер
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, плакаттар, дидақтикалық тапсырмалар.
Жұмысты орындау тәртібі:
1.«Тыңдайтын үшбұрыштар». Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді: СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де,«интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін“Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).
2.«Синквейн» әдісі.


Деңгейлік тапсырмалар:

I- деңгей:


1. Түрлі әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып тақырып сұрақтарын талдаңыз және тірек конспектісін жасаңыз.
II- деңгей:
1.Биология бойынша жаңартылған бағдарламамен танысыңыз және мектепте биологиялық білімнің мазмұны қандай компоненттерден қалыптасатынын сипаттаңыз,қазіргі кезеңдегі биология курсының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктерін анықтаңыз.
2. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту әдістерінің түрлерінің тізбесін жасаңыз.
III- деңгей :
1.Ұғымдық–сұрақ:Эвристикалық әдіс дегенімізне?
2.Ой қозғау сұрағы:Жаңартылған мазмұндағы биология курсы бойынша биологиялық есептерді шешудің эвристикалық әдісінің артықшылығы неде деп ойлайсыз?
3.Тұжырымдау сұрағы:Қолданудың орындылығы мен тиімділігіне қатысты жаңа техникалық шешімдер қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет