Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Кәдімгі сәбіз, кәдімгі шомыр және қант қызылшасының жемтамырлары. 2.Емен, қайың,терек, үйеңкі және қара өріктің жас тамырлары. 3.Сәбіз,шомыр және қызылша жемтамырларының, бөрібұршақ тамыр түйнектерінің көлденен кесіндісінің тұрақты микроперпараттары. 4.Тамыр метаморфоздардары бойынша қолдан жасалған слайдтар. 5.Флороглюцин, тұз қышқылы,хлор –цинкиол метил көгі. 6.Қол лупасы, микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Жұмысты орындау барысы: Тамыр метаморфоздары.
Тапсырмалар: 1. Сәбіз, қант қызылшасы т.б өсімдіктерді мысалға ала отырып, жемтамырлардың морфологиялық құрылысымен танысу.
2.Қол лупасы пайдаланып, сәбіз, шомыр және қызылша жемтамырларының көлденең кесінділерін өзара салыстыру.
3.Шомыр, қызылша және сәбіз жемтамырларының көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепараттарды көру.
Достарыңызбен бөлісу: |