Бақылау сұрақтары:
Жемтамырлардың пайда болуына өсімдіктердің қандай мүшелері қатысады?
Жемтамырлардың түйнек тамырлардан айырмашылығы неде?
Түйнек бактериялары тамырдың қай бөлімінде тіршілік етеді?
Түйнек бактерияларының маңызы қандай?
Лабороториялық сабақ №12
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Гүл құрылысының жалпы заңдылықтары.
Мақсаты: Гүлдің жалпы құрылысымен және гүл бөлімдерінің құрылысымен танысу.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: өсіп тұрған немесе спиртте салынған алманың, қызғалдақтың капустаның, қиярдың асбұршақтың, тал немесе теректің гүлдері. Гүлдің макеті. Тозаңқап пен жатынның микропрепараттары, лупа, микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
Жұмысты орындау барысы: Гүл - өркеннің төбелік және бүйірлік түзуші ұлпаларынан шығатын споралы, жынысты маманданған мүше. Гүлде споралар, гаметалар түзіліп жыныс процесі жүреді. Тозаңдану мен ұрықтану процестерінен кейін гүлде жеміс және тұқым пайда болады. Гүлдің құрылысы күрделі. Ол – гүл тұғырын, серігінен (тостағанша мен күлте), аталық пен аналықтан тұрады. Гүлдердің құрылысы, мөлшері, түсі әртүрлі. Гүлдердің диаметрі 1мм-ден (балдыршөпте) 117см-ге дейін болуы мүмкін (Арнольд Раффлезиясы). Гүлдің құрылысының қалыптасуы мен дамуының алғашқы процесі гүл бүршігінде басталады. Гүл бүршігі ашылмаған гүлден (бутон) және оны тығыз қоршап тұрытын бүршік жамылғысынан тұрады. Бүршік жамылғылары бүршік қабыршақтарынан пайда болады. Кейбір бутондарда гүл жамылғысы болмайды, ондай жағдайда бутонды жеке гүлдерге немесе гүлшоғырына тығыз жанасып өскен жас жапырақтар қарғайды. Гүл орналасуына қарай төбелік және бүйірлік болып бөлінеді. Бүйірлік болып гүл жапырақтың қолтығын ш/ды. Гүл мен гү жапырақтың арасындағы өркеннің бөлігін гүлсағақ деп атайды. Ал егер гүлсағақ болмаса немесе қысқарған болса, гүл – қондырма гүл деп аталады. Гүлсағақтың жоғарғы жуандаған жалпақ жерін – гүл тұғыры деп атайды. Оның формасы мен көлемі әр түрлі болады.
Гүлсағағы бар гүлдерді – сағақты гүл, жоқтарын - сағақсыз деп атайды. Гүлсағақтың бойында даражарнақтыларда 1, қосжарнақтыларда 2 ұсақ жапырақшалар орналасады. Оларды – гүл жапырағы деп аталады. Гүл тұғырында гүл мүшелері шеңбер түге немесе спираль тәрізді орналасады. 1-шісі – циклді гүл, 2-шісі ациклді гүл деп аталады. Кейбір гүлсерігінің сыртқы жапырақшалары шеңбер тәрізді, ал ішкілері спиральды орналасады. Мұндай гүлдерді жартылай шеңберлі немесе гемициклді гүлдер деп аталады.
Циклді гүлдерге әрбір шеңбердегі гүл бөліктерінің санына байланысты гүлдер: мономерлі немесе 1-мүшелі, егерде әр шеңберде 1ғана бөлігі болса, онда, мономерлі гүл деп аталады. Егер шеңберде 2 бөлігі болса, онда димерлі немесе 2 мүшелі деп аталады (крестгүлділерде); шеңберде 3 бөлігі орналасса, 3 мүшелі (даражарнақтыларда) т.б. деп аталады. Шеңбердегі мүшелер саны көп болса, мұндай гүлдерді бұйра гүлдер деп атайды. Гүлдердің бұйралануы онтогенез кезінде күлтежапырақтың бөлшектенуі немесе кейбір аталықтың күлтежапырақшаларға айналуына байланысты. Мысалы: Раушан гүл, қалампыр, таушымылдық (пион), т.б. жатады.
Гүл толық және толық емес болып 2-бөлінеді.
1. Толық гүл мынадай мүшелерден тұрады: 1) тостағанша, ол тостағанша жапырақшадан тұрады; 2) күлте, күте жапырақшаларынан тұрады. Әртүрлі түске боялған. 3) аталық, бұл гүлдің жыныс мүшесі, олардың жиынтығын – андроцей деп атайды. 4) аналық, ол 1 немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады, олардың жиынтығын – гинецей деп атайды.
Егер осы аталған мүшелердің біреуі жоқ болса, ондай гүл толық емес деп аталады. Сонымен, гүл – гүл тұғырынан, тостағаншадан, күлте, андроцей және гинецейден тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі гүл серігін түзеді.
Гүлде тек қана аталық немесе аналық болса – дарадынысты, екеуі де болса қос жынысты деп аталады. Соған байланысты гүлдер аталық (Марс планетасының белгісі, қалқан мен найзаны белгілейді), аналық (Венера планетасының белгісі, айна мен оның тұтқасын белгілейді. Қосжыныстылар болса д-белгілейді.
Тапсырмалар: 1. Гүл бөлімдерінің орналасуын зерттеу. 2. Аталық пен анлықтың ерекшеліктерін талдау 3. Гүл қоршауларымен, андроцей және гинецеймен танысу. Гүлдің диаграммасын сызу, формуласын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |