Биология нұсқау



Дата22.05.2023
өлшемі32,15 Kb.
#96142
түріСабақ
Байланысты:
2 n s a- GB



БИОЛОГИЯ



Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».
1. Қосжарнақтыларға жатады
A) Күнбағыс
B) Жүгері
C) Арпа
D) Пияз
E) Бидай

2. Тамырсабақты өсімдіктер
A) лалагүл, қызғалдақ
B) долана, жабайы алма
C) кактус, сүттіген
D) інжугүл, бидайық
E) картоп, пияз

3. Суда еркін жүзетін ішекқуысты
A) Қызыл маржан
B) Теңіз қауырсыны
C) Медуза
D) Гидра
E) Актиния

4. Қосмекенділердің жүрегі
A) Төрт қуысты
B) Үш қуысты
C) Бір қуысты
D) Екі қуысты
E) Бес қуысты

5. Мальпигий түтікшелері және бүйрегі бар ағзалар:
A) Құстар
B) Құрттар
C) Өрмекшілер
D) Ұлулар
E) Шаянтектестер

6. Кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүше:
A) Құлақ
B) Өкпе
C) Самай бөлігі
D) Бауыр
E) Бүйрек

7. Көздің қосымша мүшесі
A) Нұрлы қабықша
B) Көз бұршағы
C) Кірпік
D) Соқыр дақ
E) Қарашық

8. Биологиялық белсенді зат
A) сұйықтық
B) жас
C) гормон
D) без
E) сөл

9. Өлі органикалық заттармен қоректенеді
A) гетерофтылар
B) автотрофтылар
C) сапрофиттер
D) фототрофтылар
E) паразиттер

10. Тіршіліктің қалыптасудың екінші кезеңі
A) Алғашқы прокариоттардың пайда болуы
B) Коацервация эволюциясы
C) Коацервация үдерісі
D) Эукариоттардың пайда болуы
E) Ағзалық заттардың абиогенді синтезі

11. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір,желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат:
A) қабықша
B) вакуоль
C) цитоплазма
D) ядро
E) пластид

12. Құстың қорегі ұсақталып ботқаға айналады:
A) Жемсауда
B) Етті қарында
C) Ауызда
D) Ішекте
E) Безді қарында

13. Гаттерияның жыныстық жағынан жетілуі
A) 20 жылда
B) 50 жылда
C) 15 жылда
D) 3 жылда
E) 12 жылда

14. Гликоген қор заты болып жиналады
A) Аш ішекте
B) Бауырда
C) Асқазанда
D) Мида
E) Теріде

15. Көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді,екі бөліктен тұратын ірі без
A) ұйқы
B) бүйрекүсті
C) гипофиз
D) қалқанша
E) тимус

16. Полисахаридтерге жатады
A) фруктоза
B) галактоза
C) целлюлоза
D) сахароза
E) глюкоза

17. Бриология зерттейді:
A) Балдырларды
B) Мүктерді
C) Қырықбуындарды
D) Плаундарды
E) Саңырауқұлақтарды

18. Шапанша қуысына ашылатын, бүйрек болады:
A) Ұлуда
B) Шұбалшаңда
C) Шаянтектестерде
D) Бунақденелілерде
E) Өрмекшілерде

19. Сілекей құрамындағы бактерияларды жоятын фермент:
A) Пепсин
B) Амилаза
C) Лизоцим
D) Мальтаза
E) Муцин

20. Инбридинг
A) туыстық емес будандастыру
B) организмнің жаңа белгілерге ие болуы
C) туыстық будандастыру
D) геннің орналасқан орны
E) организмнің жаңа ортаға бейімделуі










Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».
21. Балдырлардың құрамында болады
A) Йод
B) Сынап
C) Селен
D) Тыңайытқыш
E) Май
F) Уран
G) Темір
H) Кальций

22. Қызыл балдырлар
A) Спирогира
B) Улотрикс
C) Порфира
D) Нереоцистис
E) Хламидомонада
F) Саргассум
G) Коралина
H) Кладофора

23. Ішекқуысты жәндіктер типінің класы:
A) споралылар
B) буылтық құрттар
C) жұмыр құрттар
D) медузалар
E) саркоталшықтылар
F) көпқармалауышты маржандар
G) гидратектестер
H) табақшатәріздестер

24. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің тән ерекшіліктері
A) Тынысалу мүшесі- өкпе
B) Екіжақты симметриялы
C) Екі қабаттан тұрады
D) Сәулелі симметриялы
E) Денесі хитинмен қапталған
F) Қанайналым жүйесі - ашық
G) Ұрпағын тірідей туады
H) Денесінде бір ғана қуыс

25. Өрістегіш балықтар
A) Қаяз
B) Латимерия
C) Шоқыр
D) Бекіре
E) Ақмарқа
F) Қылқа
G) Табан
H) Мөңке

26. Асқорыту мүшелері
A) Жүрек
B) Өңеш
C) Өкпе
D) Асқазан
E) Қуық
F) Бүйрек
G) Көмекей
H) Ми

27. Жұлынның құрылысы:
A) талшығы
B) нейрон
C) өзегі
D) аксон
E) ақ зат
F) дендрит
G) безі
H) қабығы

28. Адам организмінде кездесетін ұлпалар
A) Дәнекер
B) Эпителий
C) Жабын
D) Бөліп шығарушы
E) Түзуші
F) Өткізгіш
G) Тірек
H) Қор жинаушы

29. Еуропеоидтік нәсілдердің ерекшеліктері
A) Терісінің түсі қара
B) Мұрны жалпақ, ерні қалың
C) Шашы ұзын салалы, ашық
D) Терісі ақшыл түсті
E) Көздері қысықтау
F) Шаштары бұйра,қара
G) Терісінің түсі қоңырқай
H) Қыр мұрынды, жұқа ерінді

30. Тіршілік үшін күрестің түрлері
A) Морфологиялық
B) Өлі табиғатпен
C) Қоректік
D) Түраралық
E) Генетикалық
F) Түрішілік
G) Географиялық
H) Экологиялық

31. Қыналар пішіндеріне қарай бөлінуі:
A) жапырақ тәрізді
B) гүл тәрізді
C) ағаш тәрізді
D) тамыр тәрізді
E) қабық тәрізді
F) саңырауқұлаққа ұқсас
G) сабақ тәрізді
H) алмұрт тәрізді

32. Талшықты жәндіктердің дене пішіні:
A) оралма
B) жіпше
C) ұзынша
D) таяқша
E) үшбұрышты
F) шар
G) сопақша
H) үтір

33. Cүйекті балықтарға тән белгілер
A) Торсылдағы болмайды
B) Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар
C) Клоакасы бар
D) Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады
E) Уылдырықтарының саны аз
F) Іштей ұрықтанады
G) Терісі ірі жалпақ қабыршақтармен қапталған
H) Сырттай ұрықтанады

34. Омыртқа жотасының бөлімдері:
A) кәрі жілік
B) ортан жілік
C) арқа
D) шынтақ
E) құйымшақ
F) бұғана
G) бел
H) толарсақ

35. Симпатикалық жүйкелер:
A) жүрек жұмысын баяулатады
B) жиілікті жылдамдатады
C) жиілікті баяулатады
D) импульсті жібермейді
E) жиырылу күшін арттырады
F) жиырылу күшін азайтады
G) импульс жібереді
H) жүрек жұмысын жылдамтады

36. Химиялық мутагендер
A) Бактерия
B) Радиоактивті сәулелер
C) Ультракүлгін сәулелер
D) Вирус
E) Никотин қышқылы
F) Рентген
G) Ауыр металл тұздары
H) Микроорганизмдер

37. Қынадан алынатын заттар:
A) фосфор
B) йод
C) спирт
D) бояу
E) қағаз
F) жасунық
G) сірке қышқылы
H) қант

38. Өрмекшітәріздестердің аяқтары:
A) жүретін аяқ
B) басаяқ
C) тұтқыаяқ
D) тырнақ
E) сатан
F) өрмекаяқ
G) құрсақ аяқ
H) күйісаяқ

39. Ядроның құрылысы:
A) тері қабаты
B) шырыны
C) тегіс
D) лизосомалар
E) вакуоль
F) сыртқы қабаты
G) түйіршікті
H) мембранасы

40. Өсімдіктердегі сабақтың гомологиялық мүшелері
A) Бидайықтың тамырсабағы
B) Кактус тікенектері
C) Пияздың пиязшығындағы түбіртегі
D) Картоптың түйнегі
E) Сарыағаштың тікенегі
F) Асбұршақтың мұртшасы
G) Жүгері собығының жапырағы
H) Итмұрынның тікенегі




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет