Биология пәнінен piza тапсырмалары 2 нұсқа Ядро



бет3/4
Дата24.11.2023
өлшемі362,14 Kb.
#125565
1   2   3   4
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Асқорытудың маңызы
Асқорыту жолының бірінші мүшесіне – ауыз қуысы жатады. Онда тамақ тістер арқылы ұсақталып, сілекеймен шыланады және көмірсуларға ыдырайды. Сол арқылы тамақтың дәмі сезіледі. Тіл – ауыз қуысында орналасқан бұлшық еттті мүше. Ол жұтуға қатысады, тамақты сілекеймен араластырады және еріген заттардың дәмін анықтайды. Жұтқыншақ – бұлшық етті түтік. Одан тамақ өңешке, ол жерден асқазанға түседі. Адамның асқазаны бір бөлімді. Асқазанда асқазан сөлі түзіледі. Ол тамақ нәруыздарын аминқышқылдарына дейін ыдыратады. Тамақ асқазаннан ашішекке түседі. Асқазанның бірінші бөліміне бауыр, ұйқы безінің өзегі ашылады. Асқорытуға қатысатын ферменттердің қызметі маңызды. Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.
8-сұрақ. Әрі тынысалу әрі асқорыту қызметін атқаратын мүше
A) кеңірдек
B) көмей
C) ауыз
D) өңеш
E) жұтқыншақ
9-сұрақ. Күрделі органикалық заттардың ыдырауын және олардың қан мен лимфаға сіңірілуін қамтамасыз ететін жүйе
A) асқорыту
B) зәршығару
C) тынысалу
D) қанайналым
E) бездер
10-сұрақ. Сілекей бездерінің қызметін зерттеген ғалым
A) И.П.Павлов
B) Х.Д.Досмухамедов
C) И.П.Сеченов
D) И.Л.Тимерязеев
E) Б.М.Мусин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет