Вакцинация тарихы Мэри Монтегю өте әдемі әйел болған. Ол 1715 жылы шешек ауруынан аман қалған. Бірақ оның терісінде тыртықтар қалды. 1717 жылы Түркияда тұрған кезде, тұрғылықты жерде қолданған егу әдісін бақылады. Бұл әдістің мәні: жас адамдардың денесіне сызат жасау арқылы шешектің вирусының жеңіл формасын енгізеді. Нәтижесінде жас адамдар осы аурудың жеңіл формасымен ауырған. Мэри Монтегю егудің қауіпсіздігіне сенім артып, өзінің ұлы мен қызына егу жасауға рұқсат береді.
1796 жылы Эдвард Дженнер егу жасау арқылы шешек ауруына қарсы антиденелер түзу үшін сиыр шешегін қолданады. Сиыр шешегінен алынған егудің артықшылығы, оның кері әсері аз және адам егуден кейін басқа адамдарға жүұтырмаған. Осы әдісті вакцинация деп атады.
4-сұрақ. Қандай аурудың түрлерін қарсы адамға вакцинация жасауға болады?
А. Тұқымқуалайтын ауруларға, мысалы, гемофилия
В. Қоздырушысы вирус болатын, мысалы палиомелит
С. Мүше қызметі бұзылуынан туындайтын ауру, мысалы диабет
Д. Кез келген емі жоқ аурудан
5-сұрақ. Қандай себептерге сүйініп, жас балалар мен егде адамдарға тұмауға қарсы егу жасау ұсынылады? Себебін атаңыз.
Адам жүрегінің құрылысы мен қантамыр жүйесі
Адамның және басқа да сүтқоректілердің жүректері төрт бөліктен тұрады: екі жүрекше, екі қарынша. Жүрек те қантамырлары сияқты үш қабаттан тұрады. Жүрек үздіксіз жиырылып, босаңсу арқылы қанның қан тамырлары бойымен қозғалысын қамтамасыз етеді. Ағзадағы ірі қантамырларының қабырғалары 3 қабаттан түзіледі. Сыртқы қабаты қантамырларына пішін, серпімділік және беріктік қасиет береді. Ортаңғы қабаты бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Ол қан қысымы өзгергенде қан тамырын тарылтып, кеңейтеді. Ішкі қабаты жалпақ эпителий ұлпасының жасушаларынан – сілемейлі қабықшадан тұрады. Ол үйкелісті азайтып, қан тамырының қабырғасына қосымша беріктік қасиет береді. Ағзаны түгелдей торлап жатқан қан тамырлар 3 топқа бөлінеді: артерия, вена, капиллярлар. Бұлардың әрқайсысының қызметтері алуантүрлі.
6-сұрақ.
7-сұрақ. Қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне көп күш түседі, оларға қажет қан мөлшері де арта түседі, осыған орай жүрек соғуы жиілейді, еті де қатты жиырылады. Яғни жүрек қызметі күшейеді. Бұл қандай реттелу?