Биология пәнінен тест тапсырмалары Тақырыбы: Қан (Денсаулық )



Дата09.10.2024
өлшемі53,83 Kb.
#147457
Байланысты:
Биология пәнінен тест тапсырмалары


Биология пәнінен тест тапсырмалары
Тақырыбы: Қан (Денсаулық )
1 тапсырма Кан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер.




  1. 2- 3-

  1. Эритроцит

  2. Лейкоцит

  3. Тромбоцит

1 ұпай


2 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «безгек» мәтінін пайдаланыңыздар.


«БЕЗГЕК»
Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.
Сұрақ:
Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.



  1. Иә

  2. Жоқ

2 ұпай
3 тапсырма «Безгек» қандай қан жасушасында тез таралады.

  1. Лейкоцит

  2. Эритроцит

  3. Қан жасушалары

  4. Тромбоцит

1 ұпай
4 тапсырма
Біздің Қазақстанда масалар жаз мезгілінде көп болады. Адамдарды масалар шаққанда
неге осы ауру бізде тіркелмейді. Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.
2 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет