2-нұсқаға арналған зертханалық жұмыстың құрал-жабдықтары. Шикі, жаңа ғана туралған және піскен картоп түйірі, сутек асқын оксиді ерітіндісі, екі сынауқ.
Жұмыс барысы. №1 сынауыққа шикі картоп түйірін, №2 сынауыққа піскен картоп түйірін салып, екі сынауыққа сутек асқын оксидін құындар. Не байқадындар? Екі сынауықтың біреуінде ғана неліктен өзгеріс болды?
№2 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Пияз қабығы жасушасының плазмолизі мен деплазмолизі». Мақсаты: Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарына көз жеткізу, осы үдерістердің қоршаған ортадағы осмостық қысым мен заттар концентрациясына тәуелдігін айқындау.
Құрал-жабдықтар: пияз қабығы және басқа микропрепараттар, дистилденген су, физиологиялық ерітінді және ас тұзының концентрленген ерітіндісі және сахароза.
Жұмыс барысы: 1) Әр түрлі сынауықтарға: №1-дистилденген су, №2-физиологиялық ерітінді және №3-концентрленген ас тұзының немесе сахароза ерітіндісің құындар; 2) төсеніш шыныға пияз тірі қабықшасының препаратын немесе элодея жасушаларын орналастырындар, дистилденген су құйып, жабын шынымен жабындар. Препаратты анықтап қарап, №1 суретін салыңдар; 3) бақылауды тоқтатпай, жабын шыныны алмастан, сулықтың ұшымен немесе сүзгілі қағазбен дистилденген суды сорғызындар да тамшуырмен концентрлі ерітінді (сахароза немесе NaCI) енгізіңдер. Препаратты анықтап қарап, №2 сурет салындар; 4) концентрлі ерітіндіні сорғызып алып, орына дистилденген су енгізіңдер. Препаратты анықтап қарап, №4 сурет салындар. Қорытынды жазындар.
№3 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: «Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларын салыстыру». Мақсаты: Өсімдік, жануар жәнебактерия жасушалары құрамының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: өсімдік және жануар жасушасының суреттері.
Жұмыс барысы: 1. Өсімдік және жануар микропрепараттарын зерделеп қарау.
2. Толық деректер негізінде кестенің бірінші бөлімін («+» немесе «-» белгілерімен) толтырыңдар.
3. Оқулықтағы суреттерді пайдаланып, кестенің екінші бөлімін («+» немесе «-» белгілерімен) толтырыңдар.
4. Осы жасушалардың ұқсастық және айырмашылық себептері туралы жалпы қорытынды жасаңдар:
Микропрепараттар бойынша мына кестені толдырындар