Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.Тағамның ауыстырылмайтын минорлы компоненттеріне витаминдер жатады.Витаминдер адам ағзасында синтезделмейтін төмен молекулярлы органикалық заттар.Адам ағзасында витамин жетіспеген кезде патологиялық жағдайлар- авитоминоздар,гиповитаминоздар пайда болады.Витаминдерді мөлшерден тыс пайдалаған кезде ағзада патологиялық жағдайлар- гипервитаминоздар пайда болады.Мысалы, А гипервитаминозы .А гипервитаминозында бастың ауруы,көру қабілетінің бұзылуы пайда болады.
Витаминдердің ашылу тарихынан...
1881жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады.
1911жылы поляк ғалымы К.Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин(лат.vita-тіршілік)деп атады.