К витаминімен, әсіресе өсімдіктердің жасыл бөлігі бай келеді және ішектің микрофлорасы К витаминінің жеткілікті мөлшерде синтездейді.Сондықтан, бұл витаминге тапшылық тек қана,жаңа туған нәрестелерде байқалуы мүмкін.Ересек адамдарда К витаминінің жетіспеуі,сульфаниламидтердің немесе антибиотиктердің әсерінен ішектің микробтары жойылғанда байқалады және эмульгатор болып табылатын өттің жеткіліксіз түзілуіне байланысты витамин К-нің нашар сіңірілуінен болады.Кейбір ауруларда (миокард инфаркті,тромбофлебит т.б.)қанның ұюы күшейгенде,қан тамырларында тромбның түзілуі артқанда,оларды қалпына келтіру үшін К2 витаминінің антивитаминдерін (антикоагулянт)қабылдау қажет болады.Бұларға дикумарол,оның аналогтары мен туындылары және фенилин жатады.

Қорытынды
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. Дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. Дәруменсіз ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін қажетті зат деп аталуы маңызы зор. Дәрумендер ағзадағы зат алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде дәрумендердің 30-ға жуық түрлері бар. Дәрумендер әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін дұрыс өсуі, дамуы үшін өте қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады.
Пайдаланған ӘДЕБИЕТТЕР 1.“Биологиялық химия”, Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И.,Сейтембетова А.Ж. 2.“Медициналық биология”С.Тапбергенов 3. “Витамины и минералы”лифлянский В.Г. 4. “Биологиялық және биоорганикалық химия” Э. Ж. Әлімқұлова 5. “Биологиялық химия”, З. Сейітов