Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті, жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізаттан химиялық синтез жолмен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.

Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі: біріншісі — нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.
Әуелі тағамдануды рационализациялау үшін қолданылады. Оның ішінде, тағаммен жеткіліксіз түскен нутриенттер, яғни, аминқышқылдары, көп қанықпаған май қышқылдары, витаминдер, макро-микроэлементтер, тағамдық талшықтар, экстрактивті заттар жетіспеушілігін толтыру және тағам мен энергетикалық қатынасты оптималды ету мақсатында ұсынылады. Сондай-ақ, рационның калориялылығын төмендету арқылы дене салмағын реттеу мақсатында да қолданылады. Себебі, кейбір биологиялық белсенді қоспалар тәбетті төмендету қасиетіне ие. Кейбірі науқастың тағамдық заттарға деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырады. Созылмалы аурулар кезінде зат алмасу процестерінің бұзылысын алдын-алып, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ағзадан токсикалық немесе бөгде заттарды шығаруға көмектеседі. Ағзаның иммундық жүйесі жұмысын күшейтіп, жалпы жағдайды жақсартады, тонусын көтереді.