Биологиялық ғылымдарың зерттеу объектісі және қасиеттері бойынша тізімдеңіз


Жасуша, ағза, онтогенез түсініктеріне анықтама беріңіз



бет4/67
Дата15.03.2022
өлшемі2,3 Mb.
#28089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
кзб жауап

Жасуша, ағза, онтогенез түсініктеріне анықтама беріңіз.

Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.

«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның тірі заты – протоплазма.

Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды –


рибосома,

митохондрия,

эндоплазмалық тор,

Гольджи кешені,

лизосома,

клеткалық мембрана деп атайды.

Ағза немесе Организм (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар. Ағза бірнеше деңгейден-жасушадан, ұлпадан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен, бүкіл дене тұтастығынан тұрады.

Онтогонез – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет