Биологиялық ғылымдарың зерттеу объектісі және қасиеттері бойынша тізімдеңіз


Қазіргі заман биологиясының гуманитарлық және практикалық маңызын түсіндіріңіз



бет9/67
Дата15.03.2022
өлшемі2,3 Mb.
#28089
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
Қазіргі заман биологиясының гуманитарлық және практикалық маңызын түсіндіріңіз.

Жалпы биологияның теориялық және гуманитарлық маңызы ең алдымен материалистік көзқарастың қалыптасуында.Философияның негізгі мәселесі - материя мен сананың арақатынасын анықтау – мән-мағынасы бойынша биологиялық сұраққа жатады. Екеуінің қайсысы бірінші –материя ма әлде сана ма- деген сұраққа жауап іздегенде табиғат пен қоғамды түсінуде, табиғат объектілерін пайдалану ,әлеуметтік жағдайларды бағалау, саяси стратегияларды қабылдау сияқты алуан түрлі көзқарастар қалыптасады.Өкінішке орай, көптеген саясаткерлер , керек десеңіз философтар материя туралы ізденуден ауытқып өздерінің ойларын түрлі идеалистік ойларға жеңдіріп жүрген кездер де болады. Шынайы демократия мен ар-ождан бостандығының дамуынан елімізде адамдар мистика, астрология сияқты маргиналды мәдениетке жаппай жүгіне бастады. Ал шыншыл ғылымнан жиналған білім адамдарға белгісіз әрі қажетсіз болып қалуда.Бұл орайда орта мектепке жүктелген мәселелерді орындау барысы өте төмен болып отыр. Сондықтан да ғылыми танымды дамыту үшін гуманитарлық мамандықта оқитын студенттердің жалпы жаратылыс туралы білімдерін ашу қазіргі кездегі негізгі мәселелердің бірі болды.



Тағы бір гуманитарлық мәселеге қазіргі заман адамының экологиялық ой-өрісін дамыту, өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезіндіру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану керек екенін түсіндіру. Қазіргі кездегі өндірістің даму қарқыны мен технологиялары 50-100 жылдан соң адам тіршілік ететін ортаны қайтып орнына келмес өзгерістерге әкеледі.Басқа сөзбен айтқанда адамзат және тірі табиғаттың көптеген басқа да объектілері бірте-бірте жойылады (мысалы, динозаврлар сияқты),немесе қазіргі экологиялық бірлестіктердің орнын басқа жаңадан қалыптасқан жағдайға бейімделген түрлері басуы мүмкін. Сондықтан әрбір адам, әсіресе, технократтық,гуманитарлық және саяси элита өкілдері биология мен экологияның негіздерін ұғынуы қажет, мақсаты – Жер биосферасын қорғау және тұрақты дамыту. Биологияның практикалық маңызы зор, ол азық-түлікті өндіру технологиясының ғылыми негізі болып саналады. Жер бетінде азық-түлікті экстенсивті өндіру мүмкіндіктері сарпылған.50-60 жылдарда игерілген Қазақстан мен Ресейдің егінді жерлері егіншілікке арналған соңғы резервтер десек те олады. Жыл сайын көптеген жерлер тұзданудан, шөлге айналудан ауылшаруашылығында қолдануға жарамай қалуда. Сол себептен қазіргі ауылшаруашылығы интенсивті технологиялар негізінде дамуға тәуелді. Қарапайым көкөніс пен бидайды өңдеу-өсіру, ,мал,құсты бағып көбейту үшін олардың көбею және өсу динамикасы мен қолайлы жағдайын білуді, минералды және органикалық қоректену ерекшеліктерін, басқа дақылдармен сыйымдылығын, арамшөпке, паразиттерге, бактериялар мен вирустарға қарсы тұруға қабілеттілігін білуді талап етеді. Біздің ғасырымызда ауылшаруашылық өндіріс объектілерін генетикалық модификациялау мен сұрыптау әдістерінің маңызы зор. Қалыптасқан жағдайға тез үйренетін жануарлар мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару – бұрыннан келе жатқан практика. Бірақ қазіргі селекция бұрынғыдай тәжірибе жасап артынан қателерін түзеп қайталап отыратын жағдайға көнбейді, ол үшін дайын математикалық жолдармен нақтылап есептеліп қойған генетика заңдарын пайдаланады.АҚШ және т.б. дамыған елдердің фермерлік шаруашылықтарында жүргізілетін сұрыптау-генетикалық жұмыстар күнделікті малдың астын тазалау немесе егістікке шабық беру жұмыстары сияқты жүргізіліп отырады. Бұл жерлерде генетик қажеттілігі өте жоғары мамандық. Кейінгі кезде ағзалардың ген және жасуша инженериясы, клондау, трансгенді (алмастырылған гендер) немесе генетикалық модификациялаға (GM) негізделген жаңа биотехнологиялар қарқанды дамуда.Алғашқыда бактерияларда сынақталған бұл әдістер қасиеттері алдын-ала жоспарланып жасалған химерлі жануарлар мен өсімдіктерді алуға пайдаланылуда. Алайда тұтынушы GM технологиялар арқылы алынған жануарлар мен өсімдік өніміне абайлап қарайтыны әлі байқалады, дегенмен биотехнологиялық революция жүріп жатқанын, табиғатты пайдалануда жаңа мәдениет пен тәжірибе қалыптасқанын байқамауға болмайды. Міне, осы мәселелер қарау қазіргі заман биологиясының еншісінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет