- Деонтология – ғылым емес, белгілі бір мамандықта, белгілі бір жағдайда сөйлесу және өзін өзі ұстаудың, принциптер мен дәстүрлерді қиыстыру өнері.
- Медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін екі түрге бөлуге болады:
- Ішкі мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, құрал жабдықтарға ұқыпты қарау, достастық пен ұжымдық.
- Сыртқы мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі, дөрекі сөйлемеу және т.б.
Медициналық қызметкерлерінің ішкі мәдениеті - Сыпайылық – қарапайымдық, шынайлық, адамның әсемдігін және күшін білдіреді. Шынайылық – медицина қызметкерінің ең жоғары деңгейі.Ішкі белгілерінің негізі. Цицерон айтқан, шынайылықтын екі бастауы бар, бұл: «Ешкімге зиян келтірме және қоғамға пайда келтіру». Шындық– медицина қызметкерінің барлық ісінің негізі болу керек.Күнделікті істеген ісінің және ойының негізі. Мейірім – жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті. Жақсы адам –бұл қоршаған ортадағы адамдарға жақсы көзқараспен, олардың қайғы мұңынтүсініп қажет жағдайда көмек көрсетуге сөзімен, ісімен дайын тұратын адам.
Медицина қызметкерінің сыртқы мәдениеті 1. Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне қойылатын талап – тазалық жәнеқарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән беру қасиетін білдіреді. «Медицина қызметкерлеріне өзін өзі таза ұстау керек, таза киім кию өйткені осының барлығысы науқасқа маңызды.» (Гиппократ). 2. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениетінің екінші негізгі бөлігі болып табылады.. Речь Медицина қызметкерінің сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды болу керек. Науқасқа байланысты мынадай сөздерді қолданбау керек: «апатай», «қарағым» және т.б. Кейде науқас туралы «диабетик», «язвенник», «астматик»және т.б. сөздерді естуге болады ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Медициналық киім әшекейлеуді қажет етпейді. Ол өзі адамға жақсы әсер тигізеді, міндеттерін атқарғанда тазалықты, қатандықты білдіреді. Егер дәрігердің түрі қорқынышты, отыруы сүйкімсіз, міндет етіп сөйлесе науқастарға сенім білдірмейді. Медициналық қызметкер өзін қарапайым ұстап, ұстамды және түсінікті сөйлеу керек. - ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Медициналық киім әшекейлеуді қажет етпейді. Ол өзі адамға жақсы әсер тигізеді, міндеттерін атқарғанда тазалықты, қатандықты білдіреді. Егер дәрігердің түрі қорқынышты, отыруы сүйкімсіз, міндет етіп сөйлесе науқастарға сенім білдірмейді. Медициналық қызметкер өзін қарапайым ұстап, ұстамды және түсінікті сөйлеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |