• Женевалық декларация (дәрігердің халықаралық анты) (ВМА, 1948);
• Медициналық этиканың халықаралық кодексі (ВМА, 1949);
• Хельсинк декларациясы (ВМА, 1964 г., соңғы редакция 2013 г.);
• Пациент құқығы туралы Лиссабон декларациясы (ВМА, 1981);
• Европада пациент құқығы туралы декларация (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), 1994);
• Европа Кеңесінің Конвенциясы «Адам құқығы және биомедицина туралы» (1997);
• Адам геномы және адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларация (ЮНЕСКО, 1997);
• Адамның биологиялық материалдарын зерттеулерге қолдануға Европа Кеңесінің ұсынымдары (2006).
«Биомедициналық этиканың принциптері» Т. Бичамп және Дж. Чилдрес
Автономия. Науқас өз денсаулығына, дертінің еміне, басқа да араласуларда өздігінен шешім қабылдау құқығына ие. Дәрігер пациенттің шешімін сыйлауға міндетті.
«Зиян келтірме» принципі - лат. primum non nocere. Қызметтік құқық бұзушылықты болдырмау принципі. Бұл дәрігер мен медицина қызметкеріне басқаларды қауіп қатерден сақтау, өзінің компетенттілігінің шегінде ауырсыну мен қайғыны басуға міндеттейді.
Қайрымдылық принципі – «қайырылымдылық жасау» деген мағынаны білдіреді. Оның құрамына қайғыдағы адамдарға мейірімділікпен қарау.
Әділеттілік принципіне адамзат теңдігіне сыйластық, жетіспейтін заттарды тең бөлу жатады.
Шынайылық принципі (науқасқа шындықты айту). Науқас пен медициналық орталық арасында ашық қарым қатынас пен медицина орталығының өз міндеттерін орындаудың негізін қалайды.
Дәрігерлік қателіктер
Қазіргі уақытта дәрігерлік қателіктердің (әңгіме қылмыстық немқұрайдылық немесе өзге де қылмыстық жазаланатын теріс қылықтар туралы болып отырған жоқ) басым көпшілігінің негізінде мынадай себептер жатыр:
заманауи медициналық ғылымның жетілдірілмегендігі;
жұмыстың объективті жағдайлары;
маман біліктілігінің жеткіліксіздігі немесе оның өз бідлімін пайдалануға қабілетсіздігі;
дәрігердің әрекетсіздігі (оны ниет қылған жағдайда, мұның алдындағы үш позицияға сілтеме жасай отырып, түсіндіруге болады)