Медициналық этика — биомедициналық этиканың негізгі бөлімі. Медициналық этиканың дәстүрлі пәні —дәрігер мен науқас қарым қатынасының этикалық тұсы. Заманауи медициналық этика медициналық қатынастың моральдық мәселелеріне анализ жасайды (дәрігер мен науқас қарым қатынасы, медициналық тәжірибенің негізгі моральдық принциптері, медицина қызметкерлері арасындағы сыйластық, т.б.)
Клиникалық этика
Клиникалық этика —бұл термин медициналық этиканың синонимі ретінде қолданылады. Алайда клиникалық этика мамандандырылған түсінікте — медициналық тәжірибеде нағыз ситуацияларды (кейс деп танылатын)этикалық немесе этикалық-құқықтық анализ жүргізу, нағыз клиникалық шешім қабылдау үшін анализ жасау, медициналық жұмысқа қатысты талдаулар және т.б.
Биоэтиканың негізгі проблемалық өрістері:
1. Биомедицина дамуы.
Бұл мәселе медикобиология ғылымы мен технология дамуының жаңа бағыт алуымен байланысты. Бұл жерде әдеби, қоғамдық, моральдық тұрғыдағы Биомедициналық революциядық инновациялар туралы сөз болып тұр. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қалыптасып қалған дәстүрлі ойды өзгертуге, адам мен машина арасындағы, табиғи мен жасанды заттар арасындағы айырмашылықты жоюға бағытталады. Бұл мәселеге молекулярлы генетика, репродуктивті технология, биомедициналық нанотехнология, ксенотрансплантаций жайлы дискуссияларды жатқызса болады.
Бұл сфера ауыр этикалық, социалдық, политикалық мәселелердің медицина тәжірибесінде қарастырады. Ең бірінші кезекте адам құқығы алға қойылады және психикалық ауытқуы бар науқастар,жұмысқа жарамсыз топтар, АИВ инфекцияланған, әйелдер, кәрі жастағылар, балалар, ауыр патологиялы науқастар құқығы алға қойылады. Бұл жерде қарастырылатын сұрақтар: дискриминацияға қарсы тұру; медициналық заманауи емнің әділетті қолжетімділігі; қоғам тарапынан сыйластықты қатынастарға ие болу құқығы; адамдардың мәселелеріне түсіністікпен қарау. 2. Құқық және әділеттілік