Кіші айналым кезінде зат айналымы биоценоз деңгейінде жүреді. Мысалы, топырақ құрамындағы қоректік заттар, су, көміртегі қосылыстары өсімдіктер дүниесін құрайды. Ал, өсімдіктер өзге тіршілік иелерінің денесін құрауға қажет. Жан-жануарлар тіршілігі таусылған соң, құрт-құмырсқа бактериялар нәтижесінде ыдырап, қайтадан минералды заттарға айналады. Минералдық заттарды өсімдіктер дүниесі қайта пайдаланып, тіршілік сөйтіп жалғаса береді.
Күн сәулесімен энергиясын пайдалану нәтижесінде, бейорганикалық заттардың өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесіне айналып, қайтадан бейорганикалық заттарға өту барысындағы химиялық реакциялар тізбегімен жүретін өзгерістер - биогеохимиялық цикл деп аталады.