Биосферадағы заттар айналымы Жоспар



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі6,47 Mb.
#14872
1   2   3   4   5   6   7   8

Фосфор айналымы

Фосфордың негізгі массасы көптеген тау жыныстарының құрамында кездеседi, бұл жыныстардың бұзылуы нәтижесiнде ол құрлықтық экожүйелерге немесе жауын-шашынмен шайылып, ең соңында гидросфераға түседi.

  • Фосфордың негізгі массасы көптеген тау жыныстарының құрамында кездеседi, бұл жыныстардың бұзылуы нәтижесiнде ол құрлықтық экожүйелерге немесе жауын-шашынмен шайылып, ең соңында гидросфераға түседi.
  • Жер бетіндегі экожүйеде өсімдіктер фосфорды топырақтан алады (негізінен РО43- формасында), ол органикалық қосылыс құрамына (белок, нуклеин қышқылдарында, фосфолипидтерде ж.б.) кіреді немесе бейорганикалық форма күйінде қалады. Ары қарай фосфор қоректiк тiзбектерге түседi. Тірі организмдер өлгеннен кейін олардың қалдықтарынан шыққан фосфор топыраққа түседi де, қайта зат айналымына қатысады.
  • Фосфор тыңайтқыштарын дұрыс пайдаланбаудан, топырақтың су және жел эрозиясынан топырақтан фосфордың көп мөлшері жоғалады. Бұл, бір жағынан, фосфор тыңайтқыштарын артық пайдалануға және фосфор рудаларының қорының сарқылуына алып келеді (фосфориттер, апатиттер ж.б.). Екінші жағынан, топырақтан су қоймаларына көп мөлшерде биогенді элементтердің (фосфор, күкірт, азот ж.б.) түсуі жасыл балдырлардың және басқа да су өсімдіктерінің күрт дамуын, суқоймаларының эвтрофикациялануын тудырады (судың «гүлдеуі»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет