өз талаптарын, шағымдары мен ұсыныстарын оқытушымен, оқу ісі меңгерушісімен және/немесе кафедра меңгерушісімен ашық талқылау;
сабаққа дәлелді себептермен немесе бұйрық немесе нұсқау болған жағдайда деканаттың рұқсатымен қатыспауға. Бұл жағдайда жіберіп алған сабақты «2020-2021 оқу жылындағыАкадемиялық саясат» және «Жіберілген материалды игеру» СЖР сәйкес жүзеге асыру;
қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда, бағалауды қайта қарау туралы аппеляцияға жүгіну. Рәсім апелляцияның қабылданған ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады;
«Сириус» ААЖ орналастырылған силлабусты, оқу, әдістемелік, бақылау материалдарын тегін пайдалану;
электронды журналдардағы оқу үлгірімінің нәтижелері туралы ақпараттарды уақтылы алу.
шаштары ұқыпты таралған, тырнақтары қысқа алынған (қыздар үшін: әдеттен тыс бетті әрлеуге және тырнақтарын аса ашық түсті лакпен бояуға тыйым салынады);
таза, үтіктелген медициналық ақ халат болуы.
бактериологиялық зертханасында / клиникалық базада жұмыс істеу үшін екінші аяқ киімі, медициналық қолғаптары, маскалары болуы керек
Тәжірибелік сабақтар кезінде студенттерге тыйым салынады:
мобильді құрылғыларды/гаджеттерді пайдалануға;
оқу бөлмесінен/аудиториядан мұғалімнің рұқсатынсыз кетуге.
Айыппұл санкциялары: 1) Егер білім алушы пән саясатын бір рет бұзса, онда оқытушыдан ауызша ескерту алады.
2) Егер пән саясатын бірнеше рет бұзса, онда кафедра меңгерушісінің атына түсініктеме жазады.
3) Егер студент пән саясатын жүйелі түрде бұзса, онда кафедра меңгерушісі деканатқа сәйкес қызметтік хат жасайды.
4) Студент сабаққа 15 минуттан көп уақытқа кешіксе, студентке электронды журналда «бж» қойылады.
5) Практикалық және зертханалық сабақтардағы бақылау (тесттік бақылау, жазбаша және ауызша сұрау) кезінде түрлі шпаргалкалар қолданылса, олардың электронды гаджеттері, шпаргалкалары алынып, білім алушылардың академиялық адалдық Кодексіне сәйкес шара қолданылады.
6) Аралық бақылау кезінде түрлі электронды гаджеттер, шпаргалкалар қолданылса, олардың электронды гаджеттері, шпаргалкалары алынып, акт толтырылады және тәртіптік шаралар білім алушылардың академиялық адалдық Кодексіне сәйкес қолданылады
7) Әрбір орындалмаған тапсырма үшін студент «0» балл алады.
8) Студент сабаққа келмесе, «бж» қойылады.
9) Студенттердің барлық жұмысы (БӨЖ, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстары) плагиат жүйесі арқылы тексеріледі. Плагиат анықталған кезде тәртіптік шаралар білім алушылардың Академиялық адалдық Кодексіне сәйкес қолданылады.
10) Жемқорлық фактілері (студент пара, сыйлық немесе материалдық бағалы заттарды берсе) анықталса, қысым (ата-аналары, туыстары, әріптестері) көрсетілсе, оқытушы комплайнс-офицерге баянат жазады.