Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы



бет1/24
Дата17.03.2023
өлшемі188,5 Kb.
#75244
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Статистика силлабус






«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы



Силлабус


Редакция: 1

беттің беті






Бекітемін
Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының меңгерушісі
Аймаханова А.Ш.
__________________
«____» _________2022 ж.


СИЛЛАБУС

Оқыту бағдарламасы

В072 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Мамандықтың атауы және шифры

6В07201 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Пән циклы

БП/ТК

Пән коды

B22-SMTFP

Пәннің атауы

Фармацевтикалық өндіріс технологиясындағы статистикалық әдістер

Курс

2

Семестр

3 / 4

ECTS кредиттері

3

Оқу сағатының көлемі

90

аудиториялық

30

аудиториядан тыс

60

Кафедра

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері

Оқыту тілі

Қазақша

Қорытынды бақылауды өткізу формасы

Дифференциалданған сынақ

Алматы, 2022


Нормативті сілтемелер:
Силлабус
1. Жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламалары, № 604 бұйрық 31.10.2018
2. Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігінің м.а. 31 қазандағы 2018 жылғы «Жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» № 604 бұйрығымен
- «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы, Университеттік Кеңесінде бекітілген, 20____ ж. «____» ____________ №__________ хаттамаға сәйкес құрастырылды;

  • "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы.




Дайындалды:

қолы

Аты-жөні

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының меңгерушісі




Аймаханова А.Ш.

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының доценті




Байсугурова В.Ю.

Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының доценті




Ахтаева Н.С.

Талқыланды:







Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының меңгерушісі




Аймаханова А.Ш.

Кафедра отырысының №11 хаттамасы «25» мамыр 2021 ж.







Фармация және ФӨТ ББК төрайымы




Устенова Г.О.

ББК отырысының № 17 хаттамасы «30» 06.2021 ж.







Техникалық сараптама (ОӘБ әдіскері)




Кусаинова А.Е.



Байланыс ақпараты:
Оқытушылар туралы мәлімет



Аты жөні

Қызметі

Электронды адресі

1.

Аймаханова А.Ш.

Кафедра меңгерушісі

aimahanova.a@kaznmu.kz

2.

Ахтаева Н.С.

Кафедраның оқу меңгерушісі

akhtaeva.n@kaznmu.kz

3.

Исмаилова М.М.

Кафедраның оқу меңгерушісі

ismailova.m@kaznmu.kz

4.

Байсугурова В.Ю.

Кафедра доценті

baysugurova.v@kaznmu.kz



Пән саясаты: 2022-2023 оқу жылына арналған академиялық саясатқа сәйкес, білім беру процесін дәйекті және мақсатты түрде жүзеге асырудан, оқушыға бағытталған оқытуды жүзеге асырудан тұрады. Мұғалімдердің студенттерге қойылатын талаптары медициналық университетте оқытудың жалпы принциптері, мұғалім және студент кодексіне негізделген. Оқу бағдарламасын ерікті түрде өзгертуге тыйым салынады, тек оқу бағдарламасын жариялау фактісі ғана тіркеліп қоймай, оны ауыстыру (жаңа файлмен, файлды редакциялау және т.б.) оқу жоспарында көрсетілмеген талаптардың заңды күші болмайды.


Студент міндетті:

  • С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі тәртібі Ережесі мен студенттердің ар-намыс Кодексін қатаң түрде сақтауға;

  • академиялық адалдық Ережесін білім беру үдерісінің барлық кезеңдерінде сақтауға;

  • вакцинация паспортының немесе вакцина алуға болмайтыны жөнінде медициналық анықтаманың бар болуы;

  • техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау:эпидемияға қарсы тәртіп, асептиктер, антисептиктер;

  • тәжірибелік сабақтарды күнтізбе кестесіне сәйкес кідіріссіз қатысуға; белгіленген үзіліс уақытын сақтауға;

  • тәжірибелік сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға;

  • жұмыс дәптері, қаламсап, қарапайым қарындаш, калькулятор және т. б. болуы керек.

  • білім алушылардың өз бетімен жұмысының (СӨЖ) тапсырмалары мен аралық бақылауды силлабуста анықталған мерзімде тапсыруға;

  • кафедраның оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттеріне, Университеттің кітапханалық қорына, кафедраның заттары: оқытудың техникалық құрал-жабдықтарына, жиhаздарына, құралдарына және т.б. ұқыптылықпен қарауға;

  • эпидемияға қарсы режим ережелерін сақтауға;

  • кафедраның оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттеріне, университеттің кітапхана қорына, бөлімнің меншігіне: техникалық оқу құралдарына, жиһаздарға, жабдықтарға және т.б. ұқыпты қарауға;

  • оқу үрдісінің барлық қатысушыларына (оқытушылар құрамы, кафедраның оқыту-қосымша құрамы және студенттер) қатысты субординацияны және медициналық этика және деонтологияның негізгі қағидаларын сақтауға;

  • топтағы дау-дамай жағдайларын, аға оқытушының немесе кафедра меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылауға.

  • емтиханға кестеге сәйкес келу.



Студент құқылы:

  • топта шиеленіскен жағдайларды кафедра меңгерушісі немесе оқу ісіне жауапты адамның қатысуымен ашық талқыға салуға;

  • бұйрық немесе өкім бойынша сабаққа дәлелді себептермен немесе деканаттың рұқсатымен қатыспаған жағдайда өткізіп алған сабақты «2020-2021 оқу жылының академиялық саясаты» және СОП «жіберілген материалды игеру» сәйкес пысықтауға;

  • емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда, бағалауды қайта қарауға апелляция беруге, рәсімдеу апелляцияның қабылданған ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады;

  • «Сириус» ААЖ орналастырылған оқу жоспарлары мен оқу, әдістемелік, емтихан материалдарын тегін пайдалануға;

  • оқу үлгерімі нәтижелері туралы ақпаратты электронды журналдардан уақтылы алу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет