Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы


Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет5/24
Дата17.03.2023
өлшемі188,5 Kb.
#75244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Статистика силлабус

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Статистика пәні мен әдістері. Фармациядағы статистикалық талдаудың өзектілігі. Абсолютті, салыстырмалы және орта шамалар. Статистикалық деректердің таралуы мен түрлері. Вариациялық қатар құру. Бас жиынтық және таңдама. Сипаттамалы статистика (орталық тенденция және өзгергіштік көрсеткіштері). Статистикалық әдіс идеялары. Статистикалық жорамал түсінігі. Екі тәуелсіз және жұптасқан сандық деректер талдауы. Сапалық деректерді талдау. Орайластық кестесін құру. Ассоциациялар өлшемі. Корреляциялық талдау түсінігі. Регрессиялық талдау түсінігі.


Оқу нәтижелері:
ON 1 алынған нәтижелерді талдай білу, жауапты шешімдер қабылдау
ON 2 фармацевтикалық өндіріс қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін болжау және талдау
ON 6 қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану; алынған ақпаратты талдау; ақпараттық, библиографиялық ресурстарды, медициналық-биологиялық және фармацевтикалық терминологияны, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шешу;
ON 7 компьютерлік технологияларды, мәліметтер базасын, бағдарламалар пакеттерін қолдана білу, іскерлік саладағы қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, ақпаратты өңдеуді жүргізу; ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтау.


Осы пән аяқталғаннан кейін студент игеретін дағдылар:
1. Фармацияда деректерді сипаттаудың қолайлы статистикалық әдісін таңдай алады және ғылыми жорамалды тексере алады.
2. Екі сандық деректерді салыстыруда айырмашылықтың статистикалық мәнділігін бағалай алады.
3. Үлестерді салыстыруда айырмашылықтың статистикалық мәнділігін бағалау үшін Пирсонның хи- квадрат критерийін қолдана алады.
4. Корреляциялық талдауды қолдана отырып, сандық деректер арасындағы байланыстың бағыты мен күшін бағалай алады.
5. Регрессиялық талдауды қолдану арқылы байланыстың сызықтық моделін жасай алады.
Курстың соңында сіздер: фармацияда нақты бір зерттеу деректерін жинау, топтау, статистикалық өңдеу жұмыстарын өздеріңіз жасай аласыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет