Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.
Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасын сипаттаңыз. Химиялық реакция тәртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.
Химиялық өндіріске анықтама беріңіз. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз.
Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз. Технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық.
Химия-технологиялық жүйе мен үдеріске анықтама беріңіз. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеңіз және мысалдармен көрсетіңіз.
Технологиялық үдерістердің жылдамдығына анықтама беріңіз. Технологиялық үдеріс жылдамдығына әсер ететін факторлар мен арттыру тәсілдері.
Химия-фармацевтика өнеркәсібінің бастапқы заттарына және шикізат базасы ұғымына және анықтама беріңіз. Шикізатқа және өнімге мысал келтіріңіз.
Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптарды жіктеңіз. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасын сипаттаңыз.
Шикізатты дайындау және байыту. Дайындау сатылары мен байыту процестерін көрсетіңіз.
Судың сапалық көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, жою әдістері.
Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптар.
Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы.
Гетерогенді химиялық процестер. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер. Гетерогенді процесстің жылдамдығы.
Химиялық реакторларға анықтама беріңіз. Химиялық реакторлардың жіктелуі.
Фармацевтикалық өнеркәсіп реакторлары. Биореакторлардың жұмыс режимі.
Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі және қолданылуы.
Бейорганикалық заттар өндірісін сипаттаңыз. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинада қолданылуы.
Формалиннің өндірісі мен қолданылуы. Өндірістің технологиялық параметрлері.
Күкірт қышқылының өндірісі мен қолданылуы. Өндірістің технологиялық параметрлері.
Азот қышқылы өндірісі мен қолданылуы. Өндірістің технологиялық параметрлері.
Аммиак өндірісі мен қолданылуы. Өндірістің технологиялық параметрлері. Медицинада қолданылуы.
Метанол синтезінің физика-химиялық негіздері. Процестің технологиялық параметрлері. Метанолдың қолданылуы.
Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістерін көрсетіңіз. Этанолдың медицинада қолданылуы.
Ацетилен өндірісі және қайта өңдеу. Оның химия өнеркәсібі мен медицинада қолданылуы.
Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) туралы жалпы мәліметтерді көрсетіңіз. ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы.
Пластикалық массалардың өндірісі мен жіктелуі (термопласттар және термореактивтер).
Химиялық талшықтар өндірісін сипаттаңыз. Талшықтардың медицинада қолданылуы.
Каучук және резеңке өндірісін сипаттаңыз. Каучук пен резинаның медицинада қолданылуы.
Биотехнология ұғымына анықтама беріңіз. Тарихы және кезеңдері. Биотехнология ғылымының - дәрілік препараттар өндірісіндегі рөлі.