Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы


«Дәрілік өсімдіктерді өсіруде тыңайтқыштарды қолдану.» тақырыбы бойынша СӨЖ тапсырмалары (№ 8 сабақ)



бет2/2
Дата06.05.2023
өлшемі154 Kb.
#90789
1   2
Байланысты:
Методичка 8 сабақ

«Дәрілік өсімдіктерді өсіруде тыңайтқыштарды қолдану.» тақырыбы бойынша СӨЖ тапсырмалары (№ 8 сабақ)
Тақырыпты реферат немесе презентация түрінде ұсыныңыз, онда келесі сұрақтар көрсетіледі:
1. Дәрілік өсімдіктер туралы анықтама;
2. Дәрілік өсімдіктерді өсіруден қолданылатын тыңайтқыштар.
Рефераттың бірінші беті титулдық парақ болуы тиіс, онда жоғарыдан біздің университеттің дұрыс атауы көрсетілген колонтитул, "Реферат" сөзі, тақырыптың атауы (ортасында), рефератты орындаған адамның аты-жөні, тобы, рефератты тексерген оқытушының аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі (оң жақта), төменгі жағында ортасында Алматы 2023 деп жазылуы тиіс.
Рефераттың соңында пайдаланылған әдеби дереккөздердің тізімін келтіріңіз.
Көлемі: 5-10 бет.


«GACP нұсқаулары (Дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинаудың тиісті практикасы» тақырыбы бойынша СОӨЖ тапсырмалары (№ 8 сабақ)
Тақырыпты қысқаша түрде көрсететін конспект түрінде ұсыну:
1. GACP нұсқаулары;
2. Дәрілік өсімдіктерді жинау шарттары;
3. Дәрілік өсімдіктерді дайындау сатылары.

Көлемі:: 5-7 бет.




Негізгі әдебиет көзі:

  1. Қайырбеков Ж. К., Əубəкіров Е. А., Мылтықбаева Ж. К. «Жалпы химиялық технология». – Алматы, 2014. – Б. 74-109, 142-184. (rmebrk.kzbilim/himia-2.pdf).

Қосымша әдебиет көздері:

  1. Керімқұлов Қ. Нұрсейітов Ш., Шертаев Е. Жалпы химиялық технология. – Астана: Фолиант, 2015. – Б. 190-208.

  2. Жакирова Н.Қ. Жалпы химиялық технология. 1-бөлім. Химиялық технологияның теориялық негіздері. Оқу құралы:– Алматы, 2012. – Б. 37-57. (
    jakirova_jalpi_himijalik_kz_2012).

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Минералды тұздар - адам қоректенетін астық құрамында болуга тиісті: 


1. фосфор мен магний мен бұлшық еттердегі химилық зат алмасуының дұрыс жүруі;
2. темір-қан құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобинді түзету;
3. кальций-фосфор және т.б. минералды заттар белоктарды сіңіру;
4. хлорлы натрий-осмотикалық қысымды қалпында және тәнде суды үстау үшін керек химиялық заттар.
Минералды тұздар тағамның міндетті компоненттеріне жатады және олардың болмауы организмнің өліміне әкеледі. Минералды тұздар ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, оның маңызды жүйелерінің функцияларын қалыпқа келтіруге қатысады. Олардың гемопоэздегі(қан жасау) рөлі белгілі (темір, мыс, кобальт, марганец, никель), сондай-ақ олардың дене тіндерін, әсіресе сүйек тіндерін қалыптастыруға және қалпына келтіруге қатысуы: фосфор мен кальций негізгі құрылымдық элементтер болып табылады. Тістердің дамуы мен өсуінде минералдар маңызды рөл атқарады. Мысалы, фтор тіс тінін қатты етеді. Минералдардың маңызды функцияларының бірі-организмдегі қажетті қышқыл-негіз тепе-теңдігін сақтау. 
Табиғи ерігіш тұздарды қазып шығару жəне өңдеу əдістерін қарастыратын химиялық технология саласын галургия деп атайды. Табиғи жəне жасанды дайындалған табиғи тұздардың сулы ерітінділерін жылытып өңдеу негізгі галургиялық əдіс болып табылады. Галургиялық өндірістің негізгі өнімдері: натрий хлориді жəне
сульфаты; калий, магний, бор тұздары; бром, йод жəне олардың тұздары; табиғи сода жəне басқалар. Галлургия бірнеше үрдістерге негізделген: шаю, буландыру, кристалдау жəне табиғи тұз ерітініділерін өңдегенде сусыздандыру. Осы əдістерді қолдану арқылы тұздар жүйесін жеке дара тұздарға бөлуге мүмкіндік туады.
Тұздарды синтетикалық əдіспен алуда бастапқы материал ретінде негізгі химиялық өндірісінің жартылай өнімдері немесе əртүрлі өндірістердің қалдықтары пайдаланылады. Тұздардың синтезі бейтараптау реакцияларына негізделген. Мысалы, маңызды азот тыңайтқыштарын қышқыл мен негізден осылайша алады.
Көптеген тұздарды басқа өндірістердің қосымша өнімі ретінде алады. Мысалы, нефелиннен глинозем өндіргенде қосымша өнім ретінде поташ пен соданы алады.

Минералды тұздар:


1. Макроэлементтер: Натрий (Na), Кальций (Ca), Магний (Mg), Калий (K), Хлор (Cl), Фосфор (P), Азот (N), Күкірт (S) және т.б. жатады.

2. Микроэлементтер: Темір (Fe), Мыс (Cu), Кобальт


(Co), Йод (I), Фтор (F), Мырыш (Zn), Стронций (Sr), Марганец (Mn), Никель (Ni), Сурьма (Sb), Кремний (Si), Бор (B), Ванадий (V) жатады.
Барлық тұздардың организмдегі маңызы өте күшті:

  • Олар қан мен тіндегі осмостық қысымды реттейді;

  • Қанның сілтілі – қышқылды реакциясын тепе – теңдігін және қанның белсенді реакциясын бір қалыпты сақтауға қатысады;

  • Минералды заттар катализаторлық қызмет атқарады. Ферменттер мен гормондардың әсеріне қолайлы орта жағдайларын қамтамасыз етеді және тұздардың өзі сол ферменттермен гормондардың құрамына кіреді;

  • Тұздар құрылыс пластикалық материал ретінде қаңқаның, организмдегі барлық жасуша құрылымының құрамына кіреді, бірақ белок, май, көмірсудан ерекшелігі, минералдық тұздардың энергиялық маңызы жоқ;

Натрий (Na) – Натрий ағзаның өн бойына толық таралған; қан сарысуында, арқажұлын сұйықтығында, көз сұйығында, асқорыту сөлдерінде,өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында, өкпеде және мида таралған. Натрий организмге хлорлы тұз ретінде қабылданады. Тәуліктік мөлшері 10-12г, натрийдің мөлшері 6 г. Натрий жасушаларда қалыпты су-тұз балансын сақтауда және ағзадағы сұйықтық көлемін реттеуге басты рөл атқарады және қандағы қантты жасушаларға тасмалдауға, бұлшық еттің жиырылуына қатысады.
Магний (Mg) – жасуша ішіндегі маңызды катиондардың бірі. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний жетіспеген кезде көңіл-күй құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. Магний күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6 витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де қатысады. Жүрек соғысының ырғағын қалып-қа келтіреді, тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады. Магний кейбір ферменттік жүйелердің құрамына кіріп, гликолизге қатысады, ферменттерге белсенділік қасиет көрсетеді. Магний жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады
Жоғары жəне тұрақты өнім алу үшін топыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердің қоректенуі үшін қажетті элементтері бар тұздарды тыңайтқыштар деп атайды. Өсімдіктердің құрамына 60-тай химиялық элементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп-өну үшін, біріншіден көміртек, от-тек, сутек керек. Бұлар өсімдіктің негізін құрайды. Одан кейін N2, P, K, Mg, S, Ca, Fe. Өсімдіктердің қорек алатын негізгі көзі ауа жəне топырақ. Көміртекті өсімдіктер организміне фотосинтез үрдісінің нəтижесінде ауа құрамындағы көміртек (ІV) оксидінен алады. Аздаған мөлшері топырақ құрамынан тамыр арқылы тарайды. Сутек су құрамынан бөлінеді. Қалғандардың барлығын өсімдіктер топырақ құрамындағы еріген минералды тұздардан алады. Тыңайтқыш ретінде өсімдікке берілетін үш элементтің орындары ерекше: фосфор, азот, калий.
Тыңайтқыштардың жіктелуі. Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты агрохимиялық жағдайына, физиологиялық əсеріне, қоректену элементтеріне, қоректік заттардың концентрациясына қарай жіктеледі.
Пайда болу тегі бойынша: минералдық, органикалық, органоми-нералдық, бактериалдық тыңайтқыштар болып төртке бөлінеді. Ми-нералдық тыңайтқышқа: табиғи жəне өндірістерде өндірілетін ми-нералдық тұздар жатады.
Органоминералдық тыңайтқыштар – органикалық жəне минералдық тыңайтқыштардың қоспасы. Мысалы, шымтезек.
Бактериалдық тыңайтқыштар – топыраққа сіңімді қоректік элементтердің түрін түзетін бактериялар.
Агрохимиялық жағдайына байланысты минералдық тыңайт-қыштар: тікелей (құрамында өсімдікті қоректендіретін элементтер болатын тыңайтқыштар), жанама (топырақпен араласқанда оның физикалық, химиялық жəне биологиялық қасиеттерін жақсартатын тыңайтқыштар) болып екіге бөлінеді. Мысалы, топырақты əк немесе доломитпен өндегенде (СаСО3, МgСО3) қышқылдығы төмендейді, ал гипс (CaSO4*2Н2О) сор топырақтың қасиетін жақсартады.
Физиологиялық əсеріне байланысты қышқылдық, сілтілік, ней-тралды болып үшке бөлінеді. Мысалы, (NH4)2SO4; KCІ топыраққа қышқылдық, NaNO3, Ca(NO3)2 сілтілік, KNO3, NH4NO3, нейтралдық қасиетімен əсер етеді. Бірінші топтағы тұздардың өсімдікке аниондар-мен, екінші топта катиондармен, ал үшінші топта катиондармен жəне аниондар əсер етеді.
Қоректендіргіш элементтерге байланысты азот, фосфор, калий тыңайтқыштары болады. Егер тыңайтқыш құрамында қоректік зат түрінде тек бір ғана элемент болса, біртектес, ал əртүрлі элементтер болса, əртектес немесе комплексті тыңайтқыштар деп атайды.


Қоректік заттардың концентрациясына байланысты микро-жəне концентрлі тыңайтқыштар (30% N2 Р2О5, К2О қосындысы) болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет