Әдістің тиімді жақтары: 1. Ауа - арзан шикі зат.
2. Процесс аппараттары қарапайым.
Кемшіліктері: Энергия көп мөлшерде кетті. Энергия шығымы жоғары 1 т азот байланыстыру үшін 70 мың кВт энергия/1 сағатта керек, сәйкес 64 т отын жағу керек.
Қазіргі уақытта HNO3 шығару өндірісі синтетикалық аммиакты контакталық тотығу-тотықсыздану әдісіне негізделген:
1. NO алу: NH3 + O2 →NO+H2O
2. Азот тотығы азоттың жоғары тотығына айналады:
NO + O2→NO2 NO2 + H2O→HNO3+NO
Реакция экзотермиялық: + 421,2 кДж
Зерттеу бойынша NH3 тотығуы алынатын катализаторға және реакция жүру жағдайына тәуелді.
Катализатор: Pt. Pt катализаторы радий және паладий металлдарымен қосылады, себебі эксплуатация барысында катализатор босап қалады және өзінің активтілігін жоғалтады, мөлшерін азайтады.
Температура: 700-800 0С
Су өндіріс барысында негізгі хладогент болады.
Фосфор қышқылы. P2O5*H2O – Фосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5 HPO3 – метафосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5 H3PO4 – ортофосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5 H4P2O7 – пирофосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. +5 Ортофосфор қышқылы қыздырғанда суды буландырады және ол концентрлі болады: температура 3000С 2H3PO4 ↔ H4P2O7 + H2O Пирофосфор қышқылы гигроскопиялық шыны тәрізді масса. Метафосфор қышқылын фосфор (V) оксидінен алады: (сулы) P2O5 + H2O→ HPO3 Одан температураның катысында ортофосфор қышқылын алады: HPO3 + H2O→ H3PO4 Осы қышқылдардың ең маңыздысы ортофосфор қышқылы және оның қосылыстары – фосфориттер. H3PO4 – орта күшті қышқылдарға жатады және күкірт қышқылы сияқты органикалық заттарды күйдіреді.