Кіріспе Бір бөлмелі үйде тұру қалай болар еді? Әрине, бәрі өте қарапайым болар еді. Сіз бір бөлмеде тамақтанасыз, ұйықтайсыз, жұмыс жасайсыз және демаласыз, аздап қысылып қалуыңыз мүмкін, бірақ үйді тазарту жеңілдейді!
Прокариоттық жасушалар,мысалы организмдердің қарапайым жасушалары бактериялар кейде бір бөлмелі үйлермен салыстырылады: олардың ішкі мембраналары жоқ, сондықтан олар бір бөлме секілді, оны бөлетін қабырғалары да жоқ. Егер біз осы ұқсастықты эукариоттық жасушаларға, өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен жануарларды құрайтын күрделі жасушаларға қолдансақ, онда олар жылжымайтын мүлік нарығында белгілі бір қадамға алдыда болатынын біз білер едік
Үлкен отбасылық үй әртүрлі мақсаттармен көптеген бөлмелерге (жатын бөлме, жуынатын бөлме, ас үй, қонақ бөлме және т.б.) бөлінгендей, эукариоттық жасушалардағы белгілі функциялары бар бөліктер бір-бірінен мембрананың қабаттарымен бөлінеді. Бұл әр бөлікке өз жұмысын орындау үшін қажетті жағдайларды сақтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, жасуша қалдықтарын қайта өңдеу орталығы ретінде әрекет ететін лизосомалар өз функциясын орындау үшін қышқыл рН-ты қажет етеді. Сол сияқты, пероксисомалар деп аталатын құрылымдар тотығу реакциясы деп аталатын химиялық реакцияны жүргізеді және сутегі асқын тотығын шығарады, осы екеуі де өз "бөлмесінде"қауіпсіз жерде сақталмаса, жасушаны зақымдауы мүмкін.
Бір жасуша ішінде әртүрлі ортаны сақтай алу қабілеті эукариоттық жасушаларға прокариоттар жасай алмайтын күрделі метаболикалық реакцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Шын мәнінде, бұл эукариоттық жасушалардың прокариоттарға қарағанда неліктен бірнеше есе көбірек өсе алатынын түсіндіреді
Прокариоттық және эукариоттық жасушалар Эукариоттық жасушалардың негізгі белгілері қандай? Прокариоттық жасушалардан айырмашылығы, эукариоттық жасушаларда:
Мембранамен байланысқан ядро, жасушаның генетикалық материалы орналасқан мембранамен қоршалған орталық қуыс.
Органеллалар- мембранамен байланысқан , цитозольда жүзетін белгілі бір функциялары бар бөліктер. (Органелла "кішкентай орган" дегенді білдіреді және бұл органеллалар, біздің ағзамыздағы органдар секілді, үлкен жүйенің бөлігі болып ерекше функцияларды атқарады.)
Прокариоттың жалғыз сақиналы хромосомасынан айырмашылығы бірнеше сызықты хромосомалар болады.
Эукариоттық жасушалар прокариоттық жасушаларға қарағанда әлдеқайда күрделі. Олар энергия балансында, метаболизмде және ген экспрессиясында маңызды рөл атқаратын субжасушалы құрылымдардың таңғажайып жиынтығына толы.
Келесі мақалалар мен бейнелерде біз өсімдіктер мен жануарлардың эукариоттық жасушаларына экскурсия жасаймыз, олардың құрамындағы ерекше құрылымдарды және әр құрылымның жасуша өміріндегі рөлін зерттейміз.
Сіз жасушаның қай бөлігіне барғыңыз келетінін білесіз бе? Сізді қызықтыратын аймаққа өту үшін төмендегі тізімді пайдаланыңыз: