7. Ана мен жаңа туылған баланың тәулік бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету
8. Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау
9. Жаңа туған емшек еметін нәрестеге ешқандай тыныштандыратын дәре дәрмек және емшекті имитациялайтын құралдар (еміздік) бермеу
10. Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға перзентанадан немесе ауруханадан шыққан аналарды жолдау
Баланы емізу ережелері:
1. Баланы емізу алдында анасы омырауын тазалап сабынмен жуып, таза матамен сүртеді;
2. Алдымен бірнеше тамшы сүтті сығып сауып тастау керек, сонда емшек үрпісіне тұрып қалған бактериялар шайылып кетеді;
3. Сәбиді емізерде анасы дұрыс жайғасып отырғаны жөн. Емізуге ыңғайлы болуы үшін бала емізіп отырған жа-ғындағы аяғын кішкене орындыққа қояды.
4. Сәби емген кездеернімен емшектің үрпісімен қатар айналасындағы терісін де қамтуы керек. Дем алуына кедергі болмауы үшін мұрнының ашық болуын қадағалайды;
5. Баланы емізу мерзімі 15-20 минуттан аспайды. Егерде емізгеннен кейін сүт бездерінде сүт қалса, оны таза ыдысқа сауып сақтап қоюға болады; қажетСәбиді алғашқы 3 айлығында түнде 6 сағат үзіліс жасап, әр 3 сағат сайын, небәрі 7 рет емізеді (6, 9, 12, 15, 18, 21, 24 сағатта); 3 айлығынан 5 айлығына дейін 6,5 сағат үзіліс жасап, 3,5 сағат сайын, не бәрі 6 рет. Ал 5 айлығынан 1 жасқа дейін түнде 8 сағат үзіліс жасап, 4 сағат сайын, не бәрі 5 рет емізеді.
6. Баланы емізіп болғаннан кейін емшекті таза сүлгімен сүртіп, құрғатып, дәкемен жауып қою керек;
7. Емізу кезінде сәби ана сүтін тек өзіне керекті мөлшерде ғана қабылдауы тиіс.